Келші, Жаным!

Бұл таңды әзер атырдым. Ғаламтор бетіндегі суреттеріне қарап отырып, жылаған жанымды жылытып алдым. Ерекше тартылысы бардай, өзі тарта түседі... Қараңғылық қорқынышты ойларды көп сейілтеді. Мен сол қорқыныштамын! Ал, ол аспанымда жарқырап жанып тұрған жұлдыз сияқты. Жұлдызға қол жетпейді! Әттең! Қай мағынасынан алып қарасам да, Сен жұлдызсың! Жанырыңның жарығы, мейірім аңсаған жүректі жылытады. Ал, әсем күлкісі еріксіз қытықтап, өзіңді де жымитады. Шіркін, Сен жанымда болсаң ғой! Жылытып,жадыратып ұстар ем! Кешеде жаздым. Жауап бермедің. Жаза беремін, бірақ та!

Бақыттымын депсің! Онда менің де бақытты болғаным!

Ұмытпа, алтыным, Еркем, Сенің тілегіңді тілеп отырған бір жүректің барын.

Сол жүректің бар тілегі Өзің екендігіңді!

Сен бір жанның өмірде бар болғаның үшін бақытын ашқансың!

Ең болмағанда біздің арамызды жалғайтын бір көпір «Массагет» бар! Олда өзің сияқты жанашыр, жаны жұмсақ, мейірімді, махаббатты түсінетін жандардың ордасы екен! Барлығымыз сені мұнда күтіп жүрміз...



Бөлісу: