Қайда?

Қайда?
жеке
блог

Сезімің қайда,
Бүкіл әлемді шарпыған?
Білмеймін неге?
Қазір өзіңді ант ұрған.
Төзімің қайда,
Көк мөлдірменен қалқыған?
Жырларың қане,
Сыр шарабымен шалқыған?
Не керек енді,
Шуақ бермейтін салқыннан?
Айтпашы маған,
Жылытпас мені салқын ән.
Көз салмай кетсем,
Егерде жаным өзіңе,
Қарама маған,
Қарама менің артымнан.
Не деген өмір?!
Асыққан бәрі алқынған.
Адамдар аздау
Тек алға қарай талпынған.
Жас жігіттер-ау,
Сымбатың қайда нар тұлғаң?
Бақытың қайда,
Бақыттан өзің тартынған!!!