Еңсені тік ұстауға дағдыланайық

Еңсені тік ұстауға дағдыланайық
жеке
блог

Қазақтың әрбір баласының еңсесі тік болғаны дұрыс деп ойлаймын. Шылым шегу, спирттік ішімдік ішуді былай қойғанда, спортпен айналыспайтын, сымбатына қарамайтын жастарды көрсем көңілге қаяу түседі. Қыз балалар да, жігіттер де сымбатты болса қандай тамаша. Бойлы, жауырыны қақпақтай жігіттер бар, жоқ емес. Тек олар аз.

"Қазақтар сондай" деген стереотип намысқа тиюі керек.

Осыған орай, vk.com-да тауып алған суреттерді қазақ тіліне аударып, беріп отырмын. Бір сәт ойланып көрерміз? Спортпен айналысып жүрсіңдер ме?

"Еңсені тік ұстау" туралы ой ұмытылып кетпеуін қадағалау керек. Кей адамдар ұмытпау үшін көрінетін жерге осы сөзді қағазға жазып, іліп қояды. Қалай ойлайсыз, олар тегіннен солай жасай ма? Undecided

Қазақ тіліндегі интернетте арнайы маманның кеңестері туралы мәліметті таппайсыз. Қалай десек те, бірінші байлық саналатын - денсаулығымыз туралы неге жазбаймыз? Неге айтпаймыз? Frown

Ертең қиын жағдайға қалып, ауыр дәрежедегі ота жасатқанша, қазір ерінбей дұрыс отырғаныңыз абзал. Міне, айттым. Енді ескертпеді демеңіздер Cry