"Кедейлерге көмек" күні келіп жетті, ағайын!

19 желтоқсан-"Халықаралық Кедейлерге көмек көрсету" күні...Ұнамсыз көрінетін болуы керек,бұл күннің мәні мен мағынасын түсініп жатқан ешкім жоқ.Біздің елдегі кедейшілікпен,артта қалып қойған елдердегі кедейлікті салыстырсақ жер мен көктің арасы.Әй,қазақ  сонда да қанағат етпейсің-ау,мыңғырған малың,жер асты толған қазба байлығың бар.Айтатын деген ойым бұл емес еді,кедей деп бұл заманда кімдерді айтамыз?Осы сұраққа жауап іздеп жік-жікке бөліп қарастырып көрген едім:

Кітап оқымайтын,оқығысы келмейтін,ішкі жан дүниесі кедейленген,рухани байлықты игермеген жандар;

                           


Ғаламторға телмірген,әлеуметтік желілерде сырласқан,ғашық болған,мылқау адамның күйін кешіп,виртуалды әлеммен өмір сүретіндер;

                                  

Бар кезінде бағалап,жоқ кезінде жамандап,достарын сыртқа теуіп,қызғаныштың қызыл отына шырмалған қу басын ойлайтын адамдар,олар да кедей,олардың жақыны жоқ;

                               

Баймын деп байлығына мақтанып,бос сөзбен үй тұрғызып,халыққа берер жәрдемі жоқ,шіріген байлар нағыз кедейлер,олар материалдық жағынан бай болғанмен,көмек көрсету,қол ұшын созу дегенге келгенде кедейлер; 

                               

Ана тілін білмейтін қазақтар,орысша сөйлейтін,миы қазақтікі,ойы орыстікі боп кеткен қазіргі жастар,(бәрі емес,арасында болады ондай жастар) олар нағыз кедей!Қазақ тілінің бай екенін білмейтіндері қандай өкінішті!!!!

                               

 

 

 

Кедейлер көшін осылай аяқтағым келеді,ал бұдан да басқа "кедейлер" болса жалғастырарсыздар...

Ең бастысы,біз бәріміз кедейміз!(Қуанышпен айтып тұрғам жоқ...)Қазақтың әсем де,көркем ұлттық ою-өрнегін дұрыс қолдана алмай,матаны да,мақтаны да өзімізден шығарып,қырғызстан мен  қытайдың,ақшамыз көпте европаның киімдеріне жүгіреміз,біз кедей болмағанда кім кедей?

Ұмытып бара жатырмын,кедейлерге көмек көрсету күнінде қалыс қалмаңыздар!Кітап сыйлаңыздар,тым болмаса қателіктерін түсіндірсеңіздер сол да жеткілікті!Материалдық тұрғыдан кедейлерді бар деп айтпаймын,бәріміз бай болуға лайықтымыз!Ал рухани кедейлік........айй-айй-аййй басымырақ!..



Бөлісу: