Бейтаныспыз

Бейтаныспыз
жеке
блог

Санаға тәнті емес тым-
Санада-жат елес,мұң…
Мен қалай ,наз құшамын,
Мен қайдан қателестім.
-
Есті алған сағым-ай бөтен,
Қиналған жаным-ай,көкем
Ақыры,танымайды екем,
Мен сізді танымай өтем.
-
Ол үшін өкпелемеңіз,
Жай,ғана жок деп елеңіз.
Тағы да,қаусап қалайын,
Өзгені көкке бөлеңіз.
-
Йя,соң-соң аялаңызшы,
Ал мені аямаңызшы..
Жақсылап жылап алайын,
Сәл ғана саялаңызшы.
-
Недейсіз,
Жұ-ба-та алам…
Жо-жо-жоқ,жыра тәмәм.
Өзімнің жанарым ғой,
Өзім-ақ,жылатып-ап
Өзім де жұбата алам!
-
Сондықтан,
Қапалаңбаңыз,
Себебі ,жат алаңдамыз.
Ендігі келмейміз де,
Өкініп жат алаңға біз.
-
Ал қазір,
Жылатсын күн егіз,
Өзіміз жұбатып білеміз.
Мен сізге бақыт та тілейін,
Сіз маған бақыттар тілеңіз.
-
Айтпаңыз...

Күт деп ой тың,

Жоқ менде күтпек ой тым.

Сіз бен бейтаныспыз, 
Бәріне нүкте қойдым..
Досжан Нұрболат