Жолаушы қыз

Жолаушы қыз
жеке
блог


Ертең деп соғатын жүрегі,
Арманға ұласқан тілегі.
Таусылмас қиялдар,албырт шақ,
Студенттік күндердің бірі еді,
*
Сағыныш жыр толы парақтар 
Жылжымай қоятын сағаттар
Астана-Алматы пойызы ,
Келемін аңғарға қарап бар.
*
Бейтаныс адамдар,жүздес мың,
Сырыңды ұқпайды өзге ешкім,
Маңдайға жазылған тағдыр-ау,
Ақыры, сенімен кездестім.
*
Жол торап,жолдардың тоғысы,
Мазасыз рельстер соғысы…
Жолшыбай жолыққан махаббат,
Тағдырдың тосындау зор ісі
*
Мардымсыз өніме сән кіре
Созылып кетердей мәңгіге.
Сырымыз сырларға жалғасып,
Шертістік тым ұзақ әңгіме,
*
Жастығым қойған соң албырт қып,
Сананы билейді албырттық,
Көрінгім келгендей өзгеше,
Көрсеткім келмеді салғырттық.
*
Адасқан аңғарда алмасып,
Жар басып қалардай жармасып.
Тағатсыз соқтыққан көздерден,
Сезімдер барады жалғасып.
*
Көңілім мекенге құстарды,
Оралтып,қиялым ұшталды,
Жылжымас сағаттар зырылдап
Мінекей жолдарда қысқарды.
*
Темір жол торабы,қиғаш көп.
Араға орнатты қимастық...
Күтіп-ап,шығарып салатын,
Вокзалдар-мекені сыйластық!

*
Көңілде қобалжу,қысылыс,
Арада үнсіздік, үзіліс.
Астана Астана болғанмен,
Алматы аңғар ғой ісі-күз,
*
Арада суықтық,жарылыс,
Әлі де алшақпыз,әріміз
Ол жақтың құстары оралды,
Ал біздің мекенде сағыныш,
*
Түндерде таңдармен алмасты...
Күндерде күндерге жалғасты,
Ал менің жолаушы сезімім,
Қол бұлғап,пойыздан алғашқы...
-
Барады...
*
Көңілде қобалжу,қысылыс,
Арада үнсіздік, үзіліс.
Астана Астана болғанмен,
Алматы аңғар ғой қысы-күз,
                                            Досжан Нұрболат!