Сағындым!..........

Қайран,  күні бойы бір тынбастан асыр салып ойнап, кешке қарай ақ мамамның айғайымен ғана үйге "зытатын" балалығым-ай!!! Бұрын-соңды үйден мұнша жыраққа шығып көрмеген соң ба, әлде ересектік өмірді шынымен сезінгендіктен соң ба  білмедім, ішімде басқа бір әлемге тап болғандаймын....Бәрі басқаша....Саған ешкім ақыл айтпайды бұрынғыша, жүріп-тұрысыңды қадағаламайды, мамам айтпақшы, "әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ"..Сағындым!!! Ақ мамамның мейірімді алақанын, ақ папамның жылы құшағын, бауырларымның "апатай" деп алдымнан шауып шығатындарын, бәрін-бәрін сағындым!!!!!! Бұл қалаға келерде ауылыма деген бір қимастық сезім қатты оянбаған, ал қазір сағыныштың азабын тартып жүрмін...Атырауым!!!!!!!! Қазір естігім келетін бір сөз бар тек:"Нөмірі 41-ші жолаушылар поезды Атырау қаласының теміржол вокзалына келіп тоқтады".....



Бөлісу: