"Алматы туралы әндер"

                                      «Алматы туралы әндер»

      Әсем қала – Алматы жайлы, жазылмаған өлең, айтылмаған сөз жоқ шығар... Сұлу көркімен, өте қолайлы табиғатымен бәрінің есінде қалатын Алматы, күн сайын құлпырып барады. Бұл қала да талай тарихи кезеңдерді басынан өткерген. Алматы – көптеген үлкен белестерді бағындырған қала. Айта берсең сөзің жетпейтін, жаза берсең сияң бітетін тақырып. Бұл қаланы жақсы көрмеу мүмкін емес. Оған дәлел, ақын-жазушылардың осы күнге дейін жазып қалдырған, жақында ғана жазып шыққан өлеңдері мен әндері. Мысалы, Ілия Жақановтың Алматы жайлы мына өлең жолдарын оқып кетсем:

 Сам жамырап, жарқырады самала

Кел, қалқатай, кел қаланы арала

Бақыттылар байқамайды уақытты

Сағатыңа әлсін-әлсін қарама

 

Желпіді самал жай ғана

Хош иіс гүлдер айнала

Маужырап тұрған қалада

Арала, сәулем, арала

Серуен қалар есіңде

Алматы рахат кешінде

 

Кел, баралық, көк белеске, тау жаққа

Арайлайық, сырласайық аулақта

Жамылайық жапырағын желектің

Қолымыздан гүлдер еккен бау-бақша

 

 

Өтер күндер, өтер дәурен жастық шақ

Жастық жақсы жарасқанда жас құсап

Лаулай түссін жүректегі от-жалын

Жазылмасын, жазылмасын дос құшақ!

 

     Алматым – дәл сендей жанға жақын жоқ қала, сенде тудым, сенде өсіп-жетілдім, ал бүгін міне сенің әсемдігін жайлы айтып жатқан студентпін. Сенің шексіз ұлылығын мен сұлулығынды – жай сөзбен жеткізу мүмкін емес!



Бөлісу: