Сағың сынбас,Массагет!

Бүгін ерекше күн.Ерекше күнде ерекше жандармен,ерекше ортаммен қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын!Сенбіден бері әлеуметтік желілерде талқыға салынып жатқан мәселе-ҚазнетДода сайысы.Айтпақшы,Масссагет,жеңісіңмен құтттықтаймын!Осы форум болады дегеннен Алматылықтарды асыға күтен едім.Егер мынау келесе мынаны істейміз,анау келсе ананы істеміз,арқа-жарқа болмасақ та,танысып әңгіме дүкен құрамыз деген ойлар мен аздаған жоспарлар да бар еді. Аталмыш шара аяқталып,әркім келген мекендеріне қайта оралды.Үш күн өтті. Массагетте не жаңалық бар екен деп күнде сығалап қоямын.Бәрі тып-тыныш. «Алатаудан келгендер Сарыарқа төсіндегі жандарға ренжулі кетті ме» дейді бір ойым.Форум біткен соң жиналамыз дегенімізбен,мына пысық қыздан басқа ешкім қатарымызға  қосылмады ғой.Шынымен,жамааан біртүрлі болып қалдым.Ішімнен неше түрлі нәрселерді ойладым:Алла-ааай,Массагеттің Қайрат Нұртасы бізге ренжулі ма екен?Бәріміз  қыдырамыз деп тұрғандағы ҚазҰУ-дың қалған студенттері неге кетіп қалды?ощм,сразу  өзімнен кінәрәт іздей бастадым...

 

Иә,ерекше күн! Былтыр 12.12.12 деген числода күнделігіме  мына өлең жолдарын жазыппын:

Мұрасымын сендегі алтын жүректің,

Сен деп қырға жаңаша бір гүл ектім.

Дидарыңа таңырқаумен тағы да

         Жалғыз сені негізгі нұр-жыр еттім....

Ал,биыл 11.12.13 деген ғасырда бір кездесетін  числода өзімнің онлайн күнделігім саналатын Массагетке жазба жазып отырмын,жәй емес,сезім толы:Есіл еркесі ерекше күнде ерекше жанға...

 

Массагетте бір адамнан жаман қатты қорқамын.Оның атын айтудың  өзі  қорқынышты!....Бірақ,құрметім шексіз!



Бөлісу: