Өлеңдер

Естелік

Біразын өзің жайлы естеліктің

Жанымның жұмағына көміп қойдым

Сезім деген жіптерден кесте тігіп,

Бір ұшын бүгін міне сөгіп қойдым.

 

Тарқатылсын жіптері сөгітіліп

Ұмытылсын сен жайлы армандарым

Қиялдың құм қамалы үгітіліп,

Таптап өттім қамалдың қалғандарын

 

Әуеге тарап кетсін ғашықтығым

Жел боп ұшсын сен жайлы ойларым да

Жаңбыр етіп жасымды төге салдым

Соңғы рет өзің жайлы ойладым да

 

Мезгіл және махаббат

 

Құстар қайтып келгенде,

Бәйшешектер өнгенде,

Далама көктем енгенде,

Күтемін сені алтыным.

Көңіл гүлдей жайнағанда,

Асыр салып ойнағанда,

Жазды аңсап ойлағанда,

Сағынам сені жарқыным.

 

Құстар ұшып кеткен кезде,

Жаңбыр тынбай сепкен кезде,

Алтын күзім жеткен кезде,

Сағынам сені жан гүлім.

Ең алғашқы сонарларда,

Аязды жер, борандарда,

Дала қарға оранғанда,

Ойлаймын сені жан нұрым.



Бөлісу: