АЙТАДЫ-АУ...

АЙТАДЫ-АУ...
жеке
блог

 

(кешегі оқиға ғой)
Қой, "тез 6 болшы" дегенімді еститін сағат жоқ, табандап жатып алды...))))))))))) Қайтайық...

 

                                                      *** 
Аха, 6-ны қойып 7-де қайтпаймын... Қалай қайтам, офистің кілтін курткамның қалтасына ұмытып кетсем... Есепшінің кішкентай баласы бар, үйіне жетіп қойған адамға кері қайтшы деген адамшылыққа жата ма? Жүрек жұтқан біреу бастыққа телефондап, кілтті ұмытып кеткенін айтпаса, менің хабарласуым екіталай... Әрі кептелектің басталған уақыты... Жұмыстағы ұлға хабарласудан басқа амал қалмады...
- Асеке, а, Асеке... Мен ғой...
- Не бүлдірдің? - Ойпырым-ай, қайдан біліп қояды осы? ((((((
- Не ғой... Кілтті ұмытып, жұмыстан қайта алмай... Елдің бәрі кетіп қалды... 
- Қона сал онда...
Мяяяяя, не күлерімді, не жыларымды білмедім ғой.
- Әй, қалай қона салады екенмін, іштен өзім ашып шыға алмағаныммен (біздің есік сондай, неғып екенін) сырттан өзгелер кіре алады...
-Онда барып сыртыңнан құлыптап кетейін бе? - дегенді естігенде........ Оооой, ішегім-ай! Әлі күліп отырмын...
-Қазір барам... Саған емес! Алдымен үйге!
-Асеке, таксимен қайтамыз, келесің ғой, иә... 
Дауысым бар ғой бейшара болып сүмірейііііііііііп шықты...((((((((( "Басыңды неге ұмытпайсың", - деп ұрсушы ем, ол есіне түспеді әзірге... Мяяяя, солай ұрысса да үндемей құтылайын, иә...
                                     ***  
"Ақымақ бас - екі аяқтың соры" дегенді сенен өмір бойы естіп келем, бірақ сенің ақымақ басың үшін менің екі аяғым неге сорлауы керек?". Үйден кілтті әкеп, мені "босатып" алған баламның сөзі бұл. Жусаннан аласа, бетегеден биік болып тымпиып алдына түсіп алдым да, такси тоқтаттым. Таксистің қайтаратын тиыны болмай, ақшасын тағы балам төледі. "Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады" деген осы болса керек...