Дүрбелең ой © Фазыл Жандос

Дүрбелең ой © Фазыл Жандос
жеке
блог

Жанжал толы айналам, жағымпаздар

Қиялдап бір жібердік сағым азда

Талай шумақ жүректе өлгенімен

Қоңыр күзі алартып кетер жазда

 

Өртенді енді күл болған соңғы парақ

Қолдауы жоқ шумақтар, мәңгі жырақ

Екі жылда жарыққа шыққан шимай

Сыйдырмадың неге сен, айтшы сұрақ?

 

Бір өлеңге құр бола бәрің жауып,

Пікіріңмен жағымсыз иттей қауып

Аңқау ойым, жырларды көпшілікке

Көрсетем деп таландым, менде ауып

 

Дүркіреп , жалын болар тексіздерің

Жаратқан осы ма еді жеткізгенің

Шумағымды қаралап журналисттер

Мені де басып тастап еткізгенің

 

Халқым – ау ақымақ пең,  сонша кімге

Ақсақ тілім онсыз да шалқым жүр ме?

Өртемесең жеріңді атың шықпас

Біздің елді жай талант жетпес үнге         11.12.13