Өмір-айна тәрізді...

Өмір-айна тәрізді...Қарасаң өзіңді көресің.Бірақ,керісінше.Жасаған істеріңнің барлығы керісінше.Дұрыс жасап жатырмын деп ойлайсың.Бірақ...Себебі айна оң көрсетпейді.Мүмкін біз керісінше жасауымыз керек шығар.Сонда бәлкім айна дұрыс көрсетер.Жоқ!Сенің айнаң оң көрсеткенімен,өзгенің айнасында бәрібір теріс.Ол үшін барлық айнаға сәулеңді түсіре алатындай қабілетің болуы керек.Ол қабілетің тез тіл табысатындығың,адамгершілігің,мүмкін,адалдығың т.б жақсы қасиеттерің болуы мүмкін.Шіркін!Адамның барлығы сондай қабілетті болса!Әлемде барлық айна оң көрсетер еді.Сол айнаның ішіне еніп,өмірге барынша сіңісіп тіршілік етіп көрсек ше?О сонда айнаға қараған барлық адам сізді дұрыс жағынан көруші еді!Теріс айнаданда қорқынышты тағы бір нәрсе бар!Ол айнаны сындырып алу.Айна сынды дегенше,өзіңізді жоғалттым дей беріңіз.Сондықтан айнамызды сындырып алмауға тырысайық!Менің массагеттік достарым,айналарыңыз тек оң жағынан көрсетсін!



Бөлісу: