Жанға сая - Жансая

Жанға сая - Жансая
жеке
блог

2007 жылы 3 мамыр күні дүниеге іңгәлап періште келді. Ол менің сіңілім. Бірнеше күннен анам екеуі  перзентханадан шықты. Өзі кіп-кішкентай. «Кімге тартқан өзі?»,-деп қоямын ақырын. Шырылдап жылағанда, бауырым екеумізге «ояныңдар, бірің әпке, бірің аға болдыңдар» деген қоңырау үні естілгендей болады. Әсіресе, қыз бала емес пе, әпкесіне қарап еліктеп өседі, бой түзейді. Өзіме деген жауапкершілікті сезіндім.

Бәріміздің қуанышымызда шек жоқ. Әрине қуанамыз, отбасымыздың бесіншісі дүниеге келді.  Есімін қазақтың қабырғалы қаламгері, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы - Нұрлан Оразалин Жансая деп қойды. Аппақ қыз - Жансая күннен күнге өсіп келеді. 1 жасында жүріп, біртіндеп тілі шыға бастады.Жансаяның балдай сыңғырлаған үнін естісеңіздер ғой. Жылағандағы дауысы- ол бөлек әңгіме. Ол жылағанда «жедел жәрдем көлігі келеді» -, енді бірде «Жансая өскенде опера әншісі болады»,-десеміз. Кіндік әкесі Ғабиден аға «Өскенде Жансаямды Англияда оқытам»,-деп сөз беріп қойды. Патша көңіл ғой ол кісінікі де. Дегенмен, бәрі келер күндердің еншісінде.

Жансая – отбасымыздың әні де, мәні де. Жансая – жанымыздың саясы. Бәріміз «бес саусақтай біргеміз»,-деп ән де айтамыз анда-санда. Көзі доп-домалақ аппақ қыз кәріс қызынан айнымайды. Оған өзміше Шин Та Ен деп ат қойып алғанмын. Тағы да Джанита деп еркелететінім бар.Басына орамал тағып алса, Ананди болып шыға келеді. Басын изеп, өзі де Анандише амандасып қояды. Мойнына шарф тақса, Ички болып шыға келеді. Қызық қой, кішкентай болған соң ба, Жансая не істесе де өзіне жарасады. Біздің үйдің әншісі де, бишісі де өзі.

Дүниеге келген күннен бастап жайдары жаздың шапағындай шуақ шашып келеді.бүгінде бұл қыз бойжетті. Бойжеткен деймін-ау,6 жаста. 1 сыныпта оқиды. Сабағы жақсы, ұстаздар мақтайды, ал үйде бастық. Бәріміз ерке қыздың қас-қабағына қараймыз, өзі де үлкен кісілерше сөйлеп қояды. Біз қолданбайтын сөздерді айтқанда риза боласың. Бірде айнаның алдында шашымды тарап тұрсам, «әпке, сенің шашыңның жалбырағаны- көк тудың желбірегені сияқты»,-демесі бар ма?! 6 жасар қыздан осындай сөз шығады деп ойламаппын.

Бүгін күн жұма. Сағат тілі 8.00-ді көрсетіп тұранамның алақанымен бетімнен сипайтынындай, күн де бетіме мейіріммен тура қарап еркелетіп тұр. Еркелеткеніне одан сайын еркелеп, тығылмаш ойнаған балаға ұқсап, теріс қарап, күннен қашам. Күн де, мен де қырсық. Ақыры тұрдым, тұрмасыма амал қалмады. Тұрып қарсы алдымда тұрған төсекке қарасам Джанита жатыр. әпкесіне ұқсайды өзі. Күнмен ойнап қояды. Көрпесін ары-бері бұлғақтатып ол да тұрды.»Қайрлы таң, әпке!»,-деп бетімнен сүйді. Ерке қыздың әдеті: таңертең тұра сала бәріміздің бетімізден сүйіп шығады. Сөйтіп, таңертең барлығымызға жақсы көңіл-күй сыйлайды.біздің оған артар үмітіміз зор. Біз Жансаяға сенеміз. Әлі-ақ еліміздің жанашыры, қоғамнан ойып тұрып орын алатын қазақтың бір қызы болып өседі. Келер күндерден күтіңіздер.