Өзіме ренжіп

  Терезеге қарап отырмын. Бүгінгі ауа-райы дәл менің қазіргі көңіл күйім сияқты. Күн жарқырап тұрғанымен, ызғар бар. Жүзім күліп тұрғанымен көңілімде бір қаяу жатыр. Ол өкініш пен реніш. Бұл өзіме деген ренішім, өзіме, аңқаулығыма.

   Аңқаулық. Менің жаман әдетім-осы. Ойымда тұрған нәсе аузымда тұрады. Қуанышымды, қайғымды, сезімімді өзімде көп сақтай алмаймын.  Бұл аузы ашық, өсекші, сыр сақтай алмау деген сөз емес әрине.  Негізі қуанышыңды, болашақ жоспарларыңды көп адаммен бөлісе бермеу керектігіне көзім жетті. әрине ең жақын достарың мен туысыңнан басқаға. Адамның тілі, көз өтеді   дегендей. Жоспарың жүзеге асып жатса ғана жаһанға жар салу керек екендігін ұқтым. Жарайды,... қойшы бәрін,  менің айтқаным емес, Алланың дегені болды. Бір кіп-кішкентай ғана бақытым басталып келе жатыр еді, ол да ғайып болды. Тек көзден ғайып болды, көңілден ғайып болуы мүмкін емес. Аллаһ деніме саулық берсе, әлі талай сондай "кішкентай аяқ қолдары" бар бақыттар пайда болар деген үміттемін.



Бөлісу: