Сәттілік аралына барыңыз!

Сәттілік аралына барыңыз!
жеке
блог

Күннің бүгінгідей ауа райында көбіңіз ыстық жаққа кетуді армандап отырған шығарсыздар иа... 

Егер аралда мынандай бірінен-бірі өтетіндей қыздармен жеке қалсаңызшы???

ООО, жігіттердің көзі жанып отырғанын сезіп отырмын :) Оған қоса сіз күтпеген жағдайлар күтіп тұрса ше? 

Өмірде жолы болмаған, бірақ өте талантты Роман анасы алып берген билетпен кемемен саяхатқа аттанады. Әрине, анасы тек жақсылық тілеп жіберген Рома бұның алдап анасының жұмысқа жібергенін білмейді. Дегенмен оған мұңайған Рома жоқ, шырттай киініп алып көңіл көтеретін жер іздеп кетеді, әрине көп ішімдіктің әсері өздеріңіз білетіндей оны адамы жоқ аралға үш керемет қызбен апарып тастайды. 

Өзін кереметтей үш қыз талап жемеу үшін олардың ең әлсіз тұсы әдемілер жарысының 2- турын өткізіп жібереді. Романың тапқырлығы сол, сұлулар тек саханада әдемі емес өмірде де мықты болу керек деп аралда сұлулар жарысын ұйымдастырады. Әр кокоста камера бар деп сенген арулар барынша өздерін көрсетіп қалуға тырысады, балық аулап, тамақ істеп, үй салып... 

Екі апта бойы жарысқан арулар шаршап Ромадан тәжді талап етуді бастайды. Бар қызық осы тұстан басталғандай, Рома қиялдаған камералар шынымен әр кокостың ішінде болып шығады. Бірақ, ол басқа да адамдардың басқа да мақсаттарға қойған камералары еді... 

Кинода ешқандай артық ой жоқ, тек қыздардың қаншалықты сенгіш болатынын анық көрсете білген. Демалыс күндері көруге арналған жеңіл кино. 

Киноның позитив пен көңілді сәтте толы болғаны сонша киноның 2 сағатқа жуық екенін байқамай қаласыз. Өмірде ақымақтардың арманы орындалады демекші, сізде сәттілі аралынан біраз сергіп осылай армандарыңызға тез жетіңіздер :)

Киноны достармен, жақындарыңмен отырып көруге болады, себебі балаларға +12 жастан көруге рұқсат етіледі. Соңғы кезде көрген ең көңілді киноның бірі, бағам 8/10.