Қызықтайтынымыз кітап емес,төртбұрышты телефон . . .

Қызықтайтынымыз кітап емес,төртбұрышты телефон .  .  .
жеке
блог

Ия,бұл әңгімені неге бастады,мақсаты не деген сұрақтар туындауы мүмкін.Себебі біздің өміріміз толассыз сұрақтардан құралған.Менің бүгінгі қозғайтыным жоғарыда анық көрсетілгендей "қызықтайтынымыз кітап емес,төрбұрышты телефон" - тақырыбы  еді.

телефон

Осы біз өз қызықтарымызды,арман -мақсаттарымыздан оп - оңай бас тартып жатқан жоқпыз ба?Айтпағым кітап оқып ой жарыстырып,ой өрісімізді дамытып ой түйуідің орнына уақытымыздың мазасын да,жазасын да алатын сандалған көгілдір көп  нүктелермен арпалысып уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Ал осыдан өзімізге келер пайда тауып жатырмыз ба? Ойымызды одан әрі шырмап ой дүрбеленің оятып алып жүрмейік . . .

Бүгін тағы мұңайып отырмын,неге дейсіздерғой..? Ол күнделікті естіп жүрген әлемдегі жағдай.Не жағдай деріңіз анық.Әлемеде әлеуметтік желі кесірінен күніне қаншама адам өз - өзіңе қол жұмсауда,өз санасын өзі құртуда.Ал бұл мәселегеде қазекемде құр алақан емес.Құр алақан емес дегенім әлеуметтік желінің желімін біздерде көбірек жеп жүрміз.Ой - санамызда уланып жатыр.Улайтын не нәрсе улайтын өзіміздің күнделікті сөзіміз "қой агентке бір кіріп шығайын,кім бар екен деген "-ой,ал осы ой біздің жұмысымыз бен оқуымызға қаншалықты кедергі жасап жатыр.Ал уақытыңызға қанша заллалын келтіріп жатыр сезіп,біліп көрдіңіз бе???

Ал біз осыдан құтылудың жолын іздеп көрдікпе?Жоқ. Неге? Себебі ойымызды "уақыт жоқ деген дәу" басып тастаған.Дүниеде байлауға келсе де,күрмеуге келмейтін ең қысқа жіп -уақыт.Ал уақыт бізге не үшін берілді,уақытты қалай тиімді пайдаланып жүрміз?Бұл да өз алдына бір мәселе боп үйіліп тұр.Қайтадан басты әңгімеге көшейік.Сіз әлеуметтік желінінің әсерін білесіз бе?Әлеуметтік желіге отырған адамның виртуалды ойы ғана жүзеге асырылады,ал сол ойды жүзеге асыратын өз ойымызбен өз қолымыз.


Әлеуметтік желіде қоғамның бір үлкен мәселесіне айналып бара жатқандай.Бұрындары есірткі,арақ,темекі қоғам мәселесінің әкелері еді,бұл мәселелерде айта - айта жауыр болып шешілмейтін түйіткілдей болып алды.Есірткі,темекі,арақ мәселелері қоғамның ата мәселесі болып бара жатыр,бұған да көзіміз үйреніп бара жатыр.Әлеуметтік желіде тап осы ғасыр тудырған мәселенің баласына айналып,шешімін табылмайтын жұмбақ дертке айналды.Осы ғасыр тудырған дертке бел шеше кірісетін кімдер әрине өзіміз,өз ойымыз,өз идеямыз.Сізде қандай айтар кеңес бар.Ортаға тастаңыз,түйіткіл жібін бірігіп бір оймен шешейік. . .