Массагеттіктермен кездесу!

Массагеттіктермен кездесу!
жеке
блог

Құрметті Массагет қолданушылары! Бәріңіз бір-біріңізді виртуалда танып, жазбаларыңызды оқып, сырттай білісіп жүрсіздер. Енді бәріміз реал өмірде кездесіп, танысып, арқа-жарқа болып әңгімелесудің реті туып тұр! Себеп те жоқ емес: жақында сайтымызға 2 жыл толады, сонымен қатар атақты Award интернет жүлдесінде қазақ тілді сайттар арасынан 1-орынға ие болдық. Сол қуанышымызды сіздермен бөлісу ниеттеміз.

Кездесу 8 желтоқсан күні кешкі 18:00-де өтеді. Өтетін жері әзірге коттедж жалдау деген идея туып тұр. Осы коттеджі қарастырудамыз. Мекенжайы мен өтетін жері жайлы onkz@inbox.ru поштасына немесе 8 702 629 29 59 нөміріне хабарласып біле аласыздар. Сонымен қатар, ішіп-жеуге деген қалталарыңызда 1500 тг болсын деген өтініш бар.

Коттеджді адам санына байланысты жалдайтындықтан келе алатын адамдар қазірден келемін деп жаза бастаса құп болар еді.

Кездесуде Массагетте шыққан материалдардан, блогтардан, қолданушылар жайлы викториналар, қызық ойындар, сыйлықтар күтіп тұр! 

Достар, бәріміз сағат 18:00-де Жандосов-Шаймерденов көшелерінің қиылысында жиналамыз!

Бәріңізді күтеміз! Embarassed