«Мен қазақпын» барша қазаққа жол тартпақ

«Мен қазақпын» барша қазаққа жол тартпақ
жеке
блог

                                   «Мен қазақпын» барша қазаққа жол тартпақ.

         Сүйінші, сүйінші Қадірлі оқырман! Осы жылдың желтоқсан айынан бастап, «Әдебиет айдыны» қоғамдық қорының қолға алуымен «Мен қазақпын» журналы барша қазаққа жол тартпақ. Өткенімізді өсіріп, ертеңімізге ерекше сеніммен қарайтын мезгілдің жеткені де барша қауымға белгілі. Әдеби-мәдени бағытты ұстанған, айына бір рет шығатын осынау журнал көптің көңілінен шығады деген үміттеміз! Енді ғана іргесін жайып, бекемделіп келе жатқан қазақ БАҚ- тың аз да болса , кем кетігін толықтайды деген сеніміміз бар! Қолдаушысы да, қорғаушысы да өздеріңізсіздер қадірменді ағайын!

 

                                      «Елбасы» ел назарына. 

          Елім деген ерлерді, ерім деген елі ұмытпақ емес.  Желтоқсан айынан бастап «Елбасы»журналы ел назарына ұсынылмақ! Айына бір рет  жарыққа шығатын  тарихи –мәдени журнал да, елбасы мен ел тұтқасын ұстаған азаматтардың  өнегелі өмірі, ел үшін атқарған ізгі еңбектері, саяси кездесулер баян етілмек. Алаштың атқамінер азаматтарын, алаш жұрты «Елбасы» журналынан оқып,  ой таразысына салады деген ізгі ниетіміз бар!

 

                                      «Әдебиет айдыны» қоры.

«Әдебиет айдыны» мемлекеттің ұйымға жатпайтын, өз қаражаты есебінен құрылган қайырымдылық қор. Қоғамдық қордың құрылтайшылары Ербол Ақшолақов, Мақсұт Данабеков және Ербол Оспанқұлов. Қордың мақсаты жастардың білім деңгейін көтеру мен түрлі әдеби мәдени шаралар ұйымдастыру, еліміздегі жастар әдебиетін қолға алып, қолдау көрсету.

Қор өзінің негізгі мақсатына жету үшін түрлі қызметпен айналысады, атап айтқанда:        жаңа қоғамдағы жас әдеби өкілдердің шығармаларын халыққа кеңінен таныту мақсатында жас әдебиетшілерге көмектесу.Қазақ қоғамына қалтқысыз орасан зор еңбек сіңірген әдебиеттің, мәдениеттің, өнер өкілдерінің мұраларын, шығармаларын, еңбектерін  насихаттау. Қоғамда түрлі себептер мен атаусыз қалып жатқан тұлғалардың құрметіне орай кештер, ғылыми тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру. Ақын жазушылардың тың туындыларын кітап етіп оқырман қауымға ұсыну; Әдебиет пен мәдениет өкілдерінен құралған тәуелсіз ақылдастар алқасын құрып, жазушылардың шығармаларын баспаға ұсынылу барысын қадағалайтын (комиссия) жасақтау.

Қордың орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

                                                                                                   "Әдебиет айдыны" ақпараттық бірлестігі