Қырсық қыз (СОҢЫ)

Қырсық қыз   (СОҢЫ)
жеке
блог

Қырсық қыз
( 1 + 1 ≠ 3 )

Күз…
Барады қоштасып менімен,
Жапырақ қол бұлғап үзілді.
Қалайша ұмытам сені, мен?
Қалайша қиямын күзімді.

Қараша…
Сенімен таныстым,
Жұдырық жүрегім жұлқынып.
Дегенмен арамыз алыс, тым,
Жүргенмен өзіңе ұмтылып.

Қыз…
Жәй ғана «Қырсық қыз» есімің,
Ұнамас, бәлкім бұл атағың.
Барлығы өзіңнің кесірің,
Мен сені «ҚЫРСЫҚ» деп атадым.

Сезімім кетпейді ескіріп,
Жүректен жалын мен от шығар.
Дәл мендей өзіңді еш жігіт,
Бір көріп ұнатқан жоқ шығар.

Ойға алып өткенді жүремін,
Махаббат адамды алдайды.
Өзіңді аңсаған жүрегім,
Өзгені қалайша таңдайды?

Арманға...
Себепсіз ұрсып Күз,
Жасырып көп сырды шаршатты.
Жыр болған, сыр болған «Қырсық қыз»
Аңсат қыз, талайды аңсатты.

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН