Аппақ тастай тереңінде құдықтың

Аппақ тастай тереңінде құдықтың
жеке
блог

Анна Ахматованың өлеңдеріне қызығушылық жуырда ғана пайда болды. Бұрын ұнамайтын да, оқығым да келмейтін. Эдуард Асадов, Сергей Есенинге көңілім жақындау, жүрегім елең ететін. Тек орыс поэзиясын оқимын деген сөз емес, әрине. 

Лев Гумилевтай тұлғаны дүние әкелген дарынды әйелдің тағдыры жеңіл болмады, оны өлеңдерінен де көреміз. Махаббат лирикасы да тұнған мұң, шер, қайғы... Бірақ, өмірден түңілерлік мұң емес. Әсіресе мына өлеңі ұнады. Сендердің де көңілдеріңнен шығады деп үміттенем))))

 

Как белый камень в глубине колодца,
Лежит во мне одно воспоминанье.
Я не могу и не хочу бороться:
Оно — веселье и оно — страданье.

Мне кажется, что тот, кто близко взглянет
В мои глаза, его увидит сразу.
Печальней и задумчивее станет
Внимающего скорбному рассказу.

Я ведаю, что боги превращали
Людей в предметы, не убив сознанья,
Чтоб вечно жили дивные печали.
Ты превращен в мое воспоминанье.

 

Аппақ тастай тереңінде құдықтың

Іште жатыр  жалғыз ғана  естелік.

Өзі-шаттық, тарқамайтын өзі - мұң!

Күресетін жігерім жоқ, жоқ ерік.

 

Жанарыма үңілсе егер біреулер,

Білем, оны байқар еді бір демде...

 Қайғы билеп, санасын ой үйірер

Естігеннің мұндай шерлі әңгіме..

 

Өшірместен ой-санасын талайдың

Құдай зат қып жаратады, сенем мен.

Мәңгі өмір сүрсінші деп таза мұң.

Естелігім боп жаралған сен екен.