Кешір, бұл менің қолымнан келер емес...

Кешір, бұл менің қолымнан келер емес...
жеке
блог

Олар бақытты еді. Махаббатарына бүкіл таныстары қайран қалатын. Екеуі тіпті сөзге келмейтін. Барлығын басынан бастап баяндайын...

         Назым мен Арман. Екеуінің таныстығы да өте қызық болған. Күз келсе болды, Алматының жаңбыры таусылмайтыны белгілі. Бұл жылы Назым Алматының белгілі бір университеттерінің студенті еді. 2 курсы болатын. Арман да студент, бірақ Назымнан ерекшелігі алматылық жігіт болатын. Арман өте ауқатты отбасының жалғыз ұлы еді. Астында көлігі, қолында соңғы iPhone, не ішем, не жеймін демейтін. Ата-анасы оны үлде мен бүлдеге орап, еркелетіп өсірген болатын. Арман қыздардың артынан өзі тіпті жүгірмейтін. Керісінше, қыздар Арман десе өліп тұратын.

         Сол күздің бір күнінде Арман көлігімен әл-Фараби даңғылында кетіп бара жатқан болатын. Назым сол көшенің бойында такси ұстап тұрған еді. Арман бұған тоқтаймын деп ойлаған жоқ. Жаңбырдың қатты жауғаны соншалық, жер судан шылқып кеткен екен, Назымның қасынан өте бергенде көліктің қатты жүргені соншалық, оның үстіне балшық су шашыла кетті. Арман дереу бұрылып тоқтады. Назымның көзі дөңгеленіп кеткен:

         -Сен өзің қандай адамсың! Менің көйлегімді бүлдірдің!

         -Кешіріңіз, мен әдейі жасамадым ғой!

         -Құрып кеткір, менің маңызды кездесуім бар еді, енді қайттім?!
         -Жүріңіз мен апарып салайын?

         -Жоқ, рақмет! Көйлегімді бүлдіргеніңіз де жетер!

         -Апарып салайыншы, бұл қателігімді кешіріңіз!

         -Жоқ, дедім ғой, кет!

         Осылайша Назым оны қуып жіберді. Оның айтып отырған маңызды кездесуі газетке жұмысқа орналасқаннан бергі алар алғашқы сұхбаты еді. Такси тоқтамай жатыр. Үсті балшық су. Енді қайттім деп ойланып тұрды. Арман қасынан кетер емес. Ол да өз кінәсін түсініп тұр. Амалы қалмаған Назым Арманның көлігіне отыруға келісті. Арман жолда келе жатқанында Назымға ұрлана қарап отырған болатын. «Өзі ашушаң екен! Бірақ, манағы тәкаппарлығының астарында бір сұлулық жатқан сияқты. Әңгімеге тартып көрейін!» деп ойлады да:

         -Өзіңіз қай жақтан боласыз?

         -Басымды қатырмай, жолыңа қара. Енді көйлегімді бүлдіргеніңмен қоймай, жол апатына түсіріп, өлтірейін дедің бе?

         -Алаң болмаңыз. Алматының қырық қиысқан жолдарының құлағында ойнаймын!

         -Иә, мақтан енді. Тыңда, жігітім. Үніңді өшіріп отырып, тез мені жеткізбесең...

         -Иә, иә, жарайды. Неткен асау едіңіз!

         -Асаумын ба, басқа ма, онда шаруаңыз болмасын!

         Көлік Назымның кездесу орнына келіп тоқтады.

         -Рақмет,-деді де, Назым түсіп кетті. Арман соған қараған күйінде қатып қалды. Не де болса осы қызға қол жеткізуді ойлады. Назым сол кафеден бір жарым сағаттан соң шықты. Арманның әлі тұрғанын көрді де, бұрылып кете барды. Аялдамаға келді. Енді автобус келер ме екен деген оймен сол жақтағы жол жиегіне қараса, Арман келіп тұр екен. Мән бермей тұра берді. Арман көліктен шығып келді де:

         -Жеткізіп салсам қалай қарайсыз? –деді.

         -Қатты құлшынып тұрмысың? Жөніңе кет!

         -Өтінемін! Тек соңғы рет! Жеткізіп салуға рұқсат етіңіз, -деп жалынып еді, Назым келісті. Назымды дөрекі қыз деп ойлап қалған шығарсыз,ә? Жоқ, ол өте мейірбан жан болатын. Екінші рет көлігіне мінгенде Назым мүлдем басқаша қыз болып шыға келді. Ол бұның екіжүзділігінде емес. Тек сұхбаты сәтті өтіп, көңіл-күйінің қалыпқа келуінде еді. Екеуі ананы-мынаны айтып, Назымның жатақханасының қасына келгенде де біраз әңгімелесіп отырды. Қадалған жерінен қан алмай қоймайтын Арман  Назымның ұялы телефонының нөмірін алды... Осылайша махаббаттары мазданып, сезімдері гүлдене бастап еді. Олар өте бақытты болатын. Арман басқа қыздардың қоңырауларына жауап беруді қойды. Телефонын өшіріп тастап, Назымымен Көктөбеде қол ұстасып, болашақты армандап жүруді шығарды. Бір күні Назым:

         -Жаным, сен менің сәл көзім көрмейтінің білесің ғой. Бір күні мен зағип болып қалсам, не істер едің?

         -Емдетеміз ғой, қорықпа! Қазір медицина дамыған заман! Мен қасыңдамын ғой!Еш нәрсені уайымдама!-деді ғашығы.

         Екеуі бірге бармаған жерлері, баспаған таулары қалмаған шығар, сірә! Назым туралы Арман ата-анасына да айта бастап еді. Себебі, өзінің болашақ жары болуға лайық қызды тапқанына Арманның күмәні болмаған. Екеуінің кездесіп жүргендеріне 8 ай өткен болатын. Бұл 8 ай нағыз махаббаттың бал дәмін татқан, армандап талай таңдар атырған уақыт еді. Бұл 8 ай Назымның Арманға, Арманның Назымға деген махаббатын күшейткен, екеуі бір-бірінсіз 1 минут та тұра алмайтындай қылған уақыт еді. Бұл 8 ай екеуінің үйлену туралы шешімін қабылдатқан уақыт еді. Бірақ, бәрі бірдей жақсы бола бермейді... Судың да сұрауы бар демекші, екеуінің бақытын Жаратқан иеміз көп көргендей еді...

         Екеуінің сезімдеріне 8 ай толған күннің ертесінен бастап Арман ғашығына хабарласуды қойды. Бұны уайымдаған Назым бір күні Арманға телефон шалды.

         -Жаным, саған не болды?

         -А, сен бе едің! Көңіл-күйім жоқ!

         -Не болды, ауырып қалдың ба?

         -Жоқ, шаршап тұрмын. Мүмкін, кейінірек сөйлесерміз?

         -Жарайды, -дей бергені сол еді, Арман телефон тұтқасын тастай салды. Назым жүрек тұсында шаншыған ауруды байқады. Бұрын мұндайы жоқ еді. Жүрегінің сонша шаншылғанына өзі таң қалды. Бір кезде сүйіктісінен смс хат келді. «Жаным, кешір! Мен саған лайықты емеспін. Ұмыт мені...» Назымда ес қалмады. Бірден тағы қоңырау шалды. Ол телефон тұтқасын көтермеді. Егіліп жылап жатып алды. Көзінен жас парлап кетіп жатыр, кетіп жатыр. Тіпті сабаққа көңіл бөлуді қойды, ешкіммен сөйлескісі келмеді.  3 күн өткен соң Арманынның өзі телефон шалды. Бірақ себебін айтпады.

         -Не үшін соғып тұрсың?

         -Кешірші мені...

         -Не себеп болды бұған? Неге? Неге сен олай деп жаздың?

         -Кешірші мені, мен саған лайықты емеспін. Сен менен де жақсы жігіттерге лайықсың! Сен әлі-ақ бақытты боласың! Мен бұған сенемін!
         -Көз жасыма қалғаныңды білесің бе?

         -Иә, мен кінәлімін. Кешір...

         -Не болағынын айтқың келмей ме?

         -Кешір мені...

         -Болды,енді қараңды көрмейтін болайын! Хабарласпа маған, жүрегімді жаралама...

         Назым Жанар Дұғалованың «Сен емес» әнін естісе болды, Арман есіне түсіп, жылап жатып алатын. Жатақханадағы дос қыздары бұның қасына келіп, жұбатуға тырысатын. Бірақ түк шықпайтын. Назымның қатты қиналғаны соншалық, түнде түс көріп жатып, сандырақтап: «Жаным, келші... Мен сені күтіп жүрмін ғой» дейтін. Көкірегі қақ айырыла жылап оянатын. Күндер өте келе оның достарынан Арманның бір қызды жүкті қылып қойып, амалсыз үйленіп кетті деген әңгімені естіді. Сөйтсе әлгі қыз Арманға бас айналдыратын дәрі беріп, барлығын өзі ұйымдастырып, Алтын балықты қармағына ілдіріпті... Бұл кездегі сезімі тіпті нашар еді. Не сенерін, не сенбесін білмей тағы айлар бойы мұңайып жүрді. Сол қоштасқан күннен міне бір жарым жылдың жүзі өтті. Назым әлі соны ойлайды. Ұмыта алмайды. Дегенмен, бәрі де кеш...

         -Кешір, бұл менің қолымнан келер емес...-деп оның суретіне жалтақтап қарап отырып, ұйқыға кетті...

Бірақ, тағдыры оған керемет сый дайындап қойған болатын. Оқуын бітіре салып, өзінен 3 жас үлкен жақсы жігітке тұрмысқа шығып, алғашқы перзентін сүйді. Арманды ұмытты. Оны ұмыттырған жылы ошақтың түтіні, жұбайының қамқорлығы және сәбиінің тәтті үні еді. Ал, Арман... Арман ішімдікке салынып, ол қыздан ажырасып, сәбилері шетінеп, әбден жұтанып кетті... Әлгі қызды да ешкім жұбайлыққа алмай, өмір бойы жалғызсырап қала берді... Сол қыздың бір қулығы өзінің де, Арманның да түбіне жетіп тынды... Біреудің көз жасына қалып, өзің бақытты бола алмайсың деген сөздің орайы осы әңгімеге келіп тұрған секілді...