Қазақстаным менің!!!

Қазақстаным менің!!!
жеке
блог

Қазір еліміздің экономикасы өте қарқынды дамуда. Әрине, табиғи байлықтарымыз, табиғат ресурстарымыз арқылы. Жалпы жер көлемі ірі елдер табиғи байлықтарға мол болып келеді. Қазақстанымыз жер көлемі бойынша 9 орында тұрғанынан-ақ, табиғат ресурстарына қаншалықты бай екенін білуге болады. Менделеев кестесіндегі элементтердің 80 пайызы елімізде кездеседі. Кездескенде де бүтіндей мол қорлары! Қазір соның бәрін шет елдерге сатып, күнімізді көріп жатырмыз.

Ең басты табыс көзі - мұнай. Мұнай Қазақстанда 20 жылдан кейін таусылады дейді ғалымдар. Ал сол кезде не істейміз? Не сатамыз? Мен осыған алаңдаймын.

Ресей табиғи ресурстарға өте бай бола тұра, Қазақстаннан және біз сияқты аңқау елдерден сатып алып жатыр. Есесіне, біздің мұнай таусылғанда, өзінен игеріп бастайды да, біз аузымыз ашылып дағдарыста отырғанда, ол табиғи байлықтарын өте қымбат бағаға сатады.

Сосын бізде өндіру бар да, өңдеу жоқ екені белгілі шығар. Мұнайды сатамыз да, кейін сол өзіміздің мұнайымыздан жасалынған тауарды бірнеше есе бағамен қайтып сатып аламыз.

Жапония темір өңдеуден дүниежүзінде 1 орындағы ел! Бірақ Жапонияда темір шықпайды. Ол Қазақстаннан темір сатып алып, оны арзан бірдеңелермен қоспа жасап, содан шыққан көлік сияқты тауарды тағы бірнеше есе қымбатқа сатады. Ал бізде өңдеу болса, 1 орынға шығар едік, өзімізде темірдің мол қоры бар...

Жапония былайша алып қарасаңыз, табиғи байлықтардар жұрдай, ешнәрсесі жоқ мемлекет. Тек өңдеу арқылы әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіріп отыр. Жапония тәуелсіздігін алғанда, мемлекет бюджетіндегі бар ақшаны білім және технология саласына салып жіберген.

Мысалы, Еуропа елдері тоқу технологиясын жасап шығарса, жапондықтар біз сияқты мақта бермеген, керісінше технологиясын сатып алған. Ал қазір бізде технологияға көп мән бермейді. Технологияны ікелсек, ұлттық құндылықтарымыз жоғалады деп ойлайды. Бірақ біз жапон десек, ойымызға сол ашық түсті, үрілген киім киген, қолында желдеткіші бар қызды аламыз. Бірақ Жапония өте дамыған мемлекет екенін білеміз. Демек, ұлттық мәдениетімізді сақтай отырып дамуға мүмкіндік бар!

Әлемдегі қызғалдақтар елі атанып кеткен - Голландияны білетін шығарсыздар? Міне солар қызғалтақтардың тұқымы кезінде Қазақстанның жерінен, Алатаудан алып кеткен...

Қазақстанымның дамуына тағы бір кедергі жағдай - жастардың сана-сезімінің төмендігі деп ойлаймын. Өзім арасыда жүрген соң білемін ғой.. Мұғалім ә десе, мә деп жауап қайтарады ұлдар. Боқтамай ма, жігіт емес деген сияқты наным-сенімдер бар жастар санасында.

Мен жай табиғи байлықтардың шет елге кеткенін жалко көріп жазғам. Осымен Мауль-дің блогы аяқталды...