Жиі қойылатын мезі еткен сұрақтар (өзіме қатысты)

Жиі қойылатын мезі еткен сұрақтар (өзіме қатысты)
жеке
блог

Кейде сұрақтар адамдардың нервысын жақсы-ақ тауысады. Ойламын да, мен де осы елдердің несі бар? Менің жеке өмірім, қанша табатыным, кіммен кездесетінім, қашан тұрмысқа шығатынымды қайтеді екен деп... 

Сонымен мені мезі еткен сұрақтар: 

 - Жасың нешеде? 

- 2...

- тұрмыстасың ба?

- жоқ, әлі ерте ғой

- қасқа, ертесі нес.... ары қарай нотация оқылады міндетті түрде

- )) күйеу бала тауып жатсаңыз хабарласарсыз :) (хотя ішімне млин,........) 

***

- қай жақта жұмыс істейсің?

- үйлену порталында, контент-менеджер

- ол не?

- журналдың сайты ғой

- онда сен сонда не істейсің?

- короче, журналистпін... (амал жоқ осылай айтып құтылам) 

***

- осы журналистер, менеджерлер қанша зарплата алады

- әр қалай ғой (сұрақтың қайда келе жатқанын білесің ғой)

- сен қанша аласың?

- енді өміріме жетеді

- енді 100 бар ма?

- аха, бар ))) (ішіңнен ххххх) 

- ее, солай бірден айта салмайсың ба..

***

- жігітің бар ма?

- бар, әрине

- қай жақтыкы?

- Аягөз

- Аягөз деген Семейде ма?

- иа, не басқа жақта бар ма еді?

- білмейм, бір түрлі жер ғой

-оның несі бір түрлі?

- суық, полигон и наймандар жері

- ха ха ха мені наймандар жей қоймас, мен оларды жеп қоймасам ..

- қайдан білейін түріңе қарасам жуас қыз сияқтысың

- млин, (хе хе мені білмейсің ғой)

***

- мә, сонда сен қаланың сыртында тұрасың ба?

- иа, жақын 30 км ғана ғой

- ой, білмейм маған алыс сияқты

- таксимен барып келем ғой

- аа ақшаң көп екен ғой иа онда 

- ужыс, көп 200 тг кетеді 

- сонда зарплатаң қанша?

- ққққ (жоғарыдағы жауап)

***

- саяхат, 400 тг 

- давай 600 тг бер 

- жоқ 400 тг

- онда 500 тг бере сал

- жоқ кете беріңіз 

- жарайды, отыр қырсық қыз екенсің бір келіспейтін 

- енді сол сумма саяхатқа дейін болатын жері сол ғой

- такси ұстап отырсаң жемек ақшаң көп та..

- таксиді ақшасы көптер ғана ұстай ма? мен көбіне асыққасын ұстаймын 

- білмейм...

***

- біз таныспыз ба?

- жоқ

-онда неге достық жібердіңіз?

- жәй енді таныспайық па? 

- аа, мен интернет арқылы таныспаймын ...

- хе хе мен де (мен оны не үшін қосқанымды ол ешқашан білмейді ғой :)) 

 

Мен де кейде сұрақтарыммен адамдардың нервысын тауысатын шығармын иа...