Бауыржан Момышұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

Режиссер Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлы туралы фильм түсіре бастады. Көпсериялы фильмде 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы өзінің ұстазы генерал Панфиловпен танысады. Генерал оған тұтастай батальон тапсырып, майданға аттандырады.

30 жастағы Бауыржан Момышұлын Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актеры 27 жастағы Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Сюжет желісі жазушы Александр Бектің “Волоколам тас жолы” шығармасына негізделгенмен фильмде тарихи шындықпен қатар көркем шындық та бар дейді фильм авторлары.

Қолбасшының жарының рөлін Әсел Сағатова ойнайды екен. Ақпарат бойынша, Алматы облысынан соң түсірілімдер Минскіде жалғасады.



Бөлісу: