Кешірдік

Кешірдік
жеке
блог

Қатты ренжіттің. Көңілімді қалдырдың. Өмірімді тас-талқан еттің. Ал мен,.... бұны да (тағы да) кешірдім. Қашан да солай болған. Бұл жолы да тап солай. Кешірдім..., себебі әр күнімізді бірге өткізген, ыстығы мен суығы, қызығы мен шыжығын бірге татқан "7 жыл" бар арамызда. "7 жыл" деген аз уақыт емес. Адамның адамға қатты бауыр басуына жетерлік уақыт екен.

Себебі  менің бақытсыздығымнан гөрі қыздарымның бақыты маңыздырақ мен үшін.

Себебі  бөлек кеткен күннің өзінде мен сені ойлаймын, уайымдаймын "Қарны аш па, жаурады ма, киімі кірлеп қалған жоқ па?" деп.

Себебі мен екі анамды ренжіткім келмейді. Олар үшін де балаларының бақыты маңызды.

Сені кешірген себебімнің ең бастысы менің жүрегім үлкен. Жоқ "үлкен" деген сөз келіңкіремейді, себебі менде екі жүрек соғып жатыр. Біреуі өзімдікі, біреуі кішкееентай ғана жандыкі. Екі жүрек қосылып сені кешіреміз. Себебі Аллаһ бізге бақытты ғұмыр беретіндігіне сенемін.

Себебі сен  менің  өмірлік жарымсың.

Біреуді кешіргенің-кішірейгенің емес қой, солай емес пе?