Үрейден арылу үшін...

Үрейден арылу үшін...
жеке
блог

Уәде еткен фобияларымды жаздым, енді сол фобиялардан қалай құтылу керектігі жайында бірер сөз.

Айнымас досым – «Гуглбектің» айтуынша, сәби дүние есігін ашқанда, жоғарыдан құлау мен қатты дауыстан ғана қорқады екен. Қалған фобиялар уақыт өте келе, белгілі бір жағдайларға байланысты қалыптасады.  Адамға ауру да керек, қорқыныш та керек. Ауру ағзамызда орын алған ақау жөнінен хабар береді. Ал қорқыныш сол ақауды болдырмау үшін, ерте бастан сигнал береді. Сол қорқынышқа құлақ ассақ, түрлі бәледен аман қалады екенбіз))))

Бұдан бөлек, иллюзиялық, яғни жүре келе адам миында пайда болатын қорқыныштар бар.  Осы қорқыныштардың кесірінен өмірдегі көп қызықтан құр қаламыз, сондықтан үрейге мойынсұнбай, оны жеңуге тырысуымыз керек. Қорқыныштан арылу үшін мына пәлсапаны жазып қойдым:

  1. Дұғаларды жаттап жүру. Басқаларды қайдам, өзім қиналған сәтте "Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі", деп айтсам болды, денем күш-қуатқа толып кетеді. Ғылыми тілде бұл «суггестия» деп аталады екен. Сөз арқылы, іс-қимыл арқылы адам санасына әсер ету.
  2. Ағысқа қарсы жүзу. Оттан қорықсаңыз, костер жағыңыз, аттан қорықсаңыз, ат спортымен айналысыңыз, судан қорықсаңыз, жүзуді үйрететін арнайы курстарға жазылыңыз, қатты дауысқа төзе алмасаңыз, рок стиліндегі әндерді тыңдаңыз. Күресуден жалыққан соң, қорқыныштың өзі-ақ қолын бір сілтеп, сізден кетіп қалады.
  3. Мына бір психологиялық әдіс те көп көмегін тигізіп жатады: үрейіңізді ұшыратын бейнені қағаз бетіне түсіріңіз де, сол қағазды өртеп жіберіңіз. Осылайша, сіз ол құбыжықтың көзін жоясыз, енді ол сізді қайтып мазаламайтын болады.

Р/с: Дүниедегі ең оңай іс – ақыл айту екен. Ал ең қиын іс - сол айтқан ақылды орындау))))  Ақыл айтуға шебер адаммын, бірақ өзім осы айтқандарымның біреуін де орындамайтынымды ішім сезіп отыр))) Сіздерге пайдасы тиіп жатса, қуаныштымын.