Кезексөздің кезегі менде. Менің мектептегі қызықтарым

Шақырған жерден қалма деп, бұл кезексөзден де қалыспайын. Таяқшаны табыс еткендерге рахмет!!! Сіздердің арқаларыңызда балалыққа саяхат жасау сылтауы бұйырып тұр маған. Ал ендеше кеттік...

  Үлгілі оқушы. Ия мен де мектепте үлгілі оқушы болдым. Суретім 1 сыныптан бастап, 11 сыныпқа  дейін быттыйып ілініп тұрды. Озат оқушылар қатарында. Сыныпта староста болдым. Мақтанып  отырайын осылай.

  Ұяң қыз. Бастауыш сыныпта мен өте ұяң болдым. Сынып жетекшіміз Жанат апай үй жұмысын оқымай  келгендер мен тәртіп бұзғандарды тақтаға шығаратын. Содан бүкіл оқушыға солардың бастарынан  ұрғызатын. Ия таңқалмаңыздар бізде сондай система болған ғой. Бәрі мәз болып аямай ұрып кететін.  Мен жаным ашып ешқашан оларды ұрмайтынмын. Қыздар «тормоз» ұрсай десе, ұрмай жай ғана  қастарынан өтіп кететінмін. Апай ұр десе сипалап өтетінмін оларды. Жаман қатты ұялшақ болғанмын  енді.

  Ашық қыз. Ал бесінші сыныптан бастап, Гүлжан ашылды дейсіздер ғой. Ақысын ешкімге жібермейтін  қызға айналды. Тіпті, мұғалімдермен сөзге келдім. Ұят-ай. Дұрыс емес болса, бетіне былш етіп айтып, отыра беретінмін. Әлі есімде географиядан берген Лаззат деген апай, кеше сыныптарың жарыстан ұтылып қалыпты ғой деген кезде. Тура ашуланып, намыстанып, апай бізге тиіскенше аузыңыздағы сағызды алып, жаңа тақырып бастаңызшы дегенмін. Айбиии, ия ұят-ай. Өйткені, сол кісі өзі айтатын достарыма, сиырға ұқсамай, құрт сағызыңды деп. 

 Белсенді оқушы. Ал қазір мен мақтанамын. Алдын ала ескертіп қойайын. Қай жерде  жарыс болса, мен сонда болдым. 5 сыныптан бастап, бітіргенге дейін бірде бір жарысты  жібермедім. Қалалық, облыстық сайыстарға барғанда қарсылас мектептегі мұғалімдер: «Осы  23-те (мектебімнің нөмірі) сенен басқа оқушы оқима өзі!» деп жынданатын. Ал мен іштей  ризааа болатын едім. ЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ

  Министр апай. Ия мен министр болдым, 8 сыныпта. Ойлап қалмаңыздар мектептегі ғой. Білім  және ғылым министрі. 

Алғашқы махаббат. Менің алғашқы махаббатым 6 сыныпта ашылған. Көрші мектептегі ұлға ғашық болғанмын. Соны көру үшін сылтауратып, ылғи сонда барып баскетбол ойнайтын едім. Қазір ойласам күлкім келеді.

Ақша қар. Қыс келсе болды жыным ұстайтын. Тәрбие жөніндегі завуч апайым мені ылғи ақша қар ететін. Үш жыл қатарынан ақша қар болдым. Бүкіл титтейлер мені көшеде ақша қар деп мазақ етсе, достарым «сындыргрушка» дейтін. 

  Бұзық қыз. 9 сыныпқа келгенде мен қатты өзгердім. Әкемнің өмірден өткені маған  қатты әсер етті. Өмірге өкпелегенім сонша, бұзық қызға айналдым. Мектепте  төбелесетін қыздарға қосылып, алғаш рет төбелестім. Ағам қатты айқайлап, «Әкең сені  осылай жүрсін деп пе еді?» дегенді естігесін, жаман болдым. Осы сөз өмір бойға жадымда сақталды. Содан қайта қалпыма келдім.

Президент ханым. 9 сыныптан бастап мектеп президенті болдым. Осылайша бітіргенге дейін сол орынды сақтадым. ИИИИИИ деп қояйын да.

  Нағыз махаббат. Ия менің нағыз махаббатым 9 сыныпта басталды. Осы уақытқа дейін  сондай адам бізде оқиды деп ойламағна екенмін. Алғаш рет қыста көрдім оны. Ал  көктемде ғашық болдым. Мамыр айында. Құпиямды ашайын ба? Мен ол адамға әлі күнге  дейін ғашықпын. Көзім одан өзгені көрмей келеді.

  Қашқын. Мен мектепте қыздарға қарағанда ұлдармен көп дос болдым. Солармен бірге  қосылып, мен де қашатынмын сабақтан. Рахат қой.

Қызықты сәттер. Біздің сынып комедия. «Жүрегім бірге» деген жазбам бар еді ғой. Сондағы Ақнұр менің сыныптас құрбым. Мектепке артында нотасы бар кофта киіп келетін. Абдулла досым оны «ән-күй» деп мазақтайтын. Бірақ оның сырын Ақнұр кейін барып түсінді. Әдебиеттен беретін Ұлбосын апайымыз оқуға тапсырма берді. Абдулла дабырлап дауысын шығарып оқып отыр. Апай іштеріңнен оқыңдар! Сөйтсе, Абу кітапті ішіне салып қойды. Қасына апай келім «кітабың қайда, неге оқымайсың?» десе, апай өзіңіз ғой іштеріңнен оқыңдар деген деп, рубашкасы ашып көрсетіп түр ғой кітапты. Физикадан қашып, сыртта отырмыз әңгіме айтып. Терезеден Мария шығып «Ей, кіріңдер сабаққа», содан Абу «Айта салшы Балқия бізге авторитет емес, әңгіме қызып жатыр» дейді. Апай бәрін естіп отыр. Масқара. Мә, мына мен 10 сыныпта оқып жүрсем де ұлдармен қосылып қуаламашақ ойнадым. Бәрі «ей, ұят емес пе?» десе, «для прикола» деп жүгіре беріппін ғой.

            

Қоштасу. 25 мамыр, жыладым. Үйге келгесін тіпті қатты жыладым...Кейін студент болып мектепке бардым. Барлық мұғалімдер қарсы алып жатыр. Есік алдында жүгіріп жүрген оқушылар. Бірақ, әттең олардың арасында көздері жәутеңдер жүгіріпі жүрген біздер жоқ...Әттең...

Кезексөз таяқшасын Мирас Кесебаевқа ұсынамын.



Бөлісу: