"Көйлекті" тауықтар

"Көйлекті" тауықтар
жеке
блог

Кішкене кезімде кітаптарды көп оқушы едім. Мен кітабын парақтамаған қазақ жазушысы қалмаған шығар. Кітап мен үшін өзге ғажайып әлем, ал өзімді  кейбір кейіпкерлердің рөлдерінде сезінетінім бар еді. Бірде қай жазушының кітабы екені есімде жоқ, қарғаларды бояған қыздың әрекетін қайталамақ болдым.

       Сонымен іске.... үйдегі тауықтарды қуалап ұстап алып әртүрлі түске боядым. Ішіндегі ақ тауықтарды таңдап алып ерекшелеп, кемпірқосақ секілді әр түсті етіп «сәндедім». Сөйтіп, өз ісіме сүйсініп, мақсатымды аяқтадым. Үйдегілер менің мұндай "біртүрлі" әрекеттеріме еттері үйреніп кеткен бе, ешнәрсе дей қоймады. Қызығы ертеңіне болды, таң бозарысымен біздің үйдің тауықтары, әдеттегісіне басып, ас қамымен көрші үйдің ауласына әлгі " қызылды-жасылды көйлектерімен" жетіп барған ғой, сол үйдегі үлкен әжей  ерте тұрып далаға шықса әлгі шуылдаған "бәлелерді" көріп шошынып қалады. Күн шығып, есін жиып, істің мән-жайына қаныққан соң үйге келіп, біраз шаңымды қаққаны бар.