Көп асқанға бір тосқан

Көп асқанға бір тосқан
жеке
блог

          Бір күні қауын-қарбыз өсірумен айналысатын ағамның шаруашылығына заң орындарының қызметкері келіпті. Содан ағамның қарамағындағы шаруашылықты тексермек болыпты. Не үшін дейсіздер ғой? Наркотикалық шөптер егілген, егілмегеніне. Ағам өте жуас кісі болғандықтан, заң қызметкері оның рұқсатын алар-алмастан бақшаға кіріп кетіпті. Кіріп кеткені ештеңе емес, жердегі өсіп жатқан қауын-қарбызды тапап жүр дейді. Содан маңдай терімен өсіріп жатырғасын ағам шыдап тұра алмай (жуастан жуан шығады):  - Баспа қауын-қарбызды, қане, шық бұл жерден - деген екен. Жаңағы тексерушіміз қалтасынан куәлігін шығарып: - Мына куәлік тұрғанда мен нені болса да тапап, басып-жаншимын! Сен кім едің сонша запрет қоятын? - деп бақшаның арғы жағына бет алыпты. Енді қызықты қараңыз: қорада қамауда тұрған қара бұқа қайдан тап келгенін кім білсін, жаңағы тексерушісымақтың алдынан атып шығыпты. Жай шықпаған, екіленіп, жынын шашып, бұған тап берген. Зәре-құты қалмаған бұл байғұс бар пәрменімен қашыпты.Оны көрген ағам жалма-жан есікті ашып, бұқадан құтқарып қалыпты. Жаңағы өркөкіректіктен бір де бір нышан жоқ тексеруші мүләйімсіп: - Бұқаның барын айтпадыңыз ба?-десе, ағам: - Жаңағы куәлігіңді маған емес, бұқаға көрсетуің керек еді-депті. )) Көп асқанға бір тосқан деген осы болса керек?!!!