жеке
блог

"Сізді сағынып жүрсем..." (Кішкентай жүректің үлкен реніші)

-          Әлөөөө, Ағерке әпше, қалайсыз?

-          Жақсы, жаным. Өзің қалайсың?

-          Жақсыыыыы. Қашан келесіз?

-          Е, сабағыңды оқып жүрсің ба?

-          Иәә!

-          Бәрі бес па, әлде төртің бар ма?

-          Төртім бар, бір-екеу...

-          Ырбаңдамай дұрыстап оқы, неге төрт аласың? Бәрі бес болсын! Барғасын тексерем!

-          Мақұл...

-          Жарай ма?

-          Ия?

-          Давай онда!

-          Сау болыңыз!

Трубканы мамама берді. Мамам:

-          Ей, не айттың?

Арғы жақтан сіңілім «ұрсып берді ғой» деді де, аңырай бастады.

Қап, Құдай-ай! Нем бер ед? Ет жүрегім езіліп барады. Бауырым ғой. «Болды, өзім жұбатып аламын» деп мама трубканы қойып қойды.

Шыдай алмадым. «Қашан келесіз?» деп күтіп жүрген көзімнің қарашығы ғой. Мен босам, бас салып ұрса саппын ғой. Қайта звондадым.

-          Мам, қызыңыз тынышталайын деді ма?

-          Ия, енді-енді. Әрең жұбаттым.

-          Ойбу!

-          Сыйлығың да керек емес енді.

-          Болды ма, енді менімен арласпай ма (осылай қалжыңдаймыз)

-          Болды арласпайды! (күлді мамам да)

-          Беріңізші, кешірім сұрайын. Жүрегім ауырып барады.

-          Алуа, мә, жездең ғой! (әпшең десе, трубканы алмайды. Уже біраз жерге барып қалған ғо ренжіп)

-          Әлөөөө, жезде?

-          Алуа? (менің даусымды естіп турбканы мамаға бере салды. Сөйлескісі келіп тұрған жоқ. Қайтып алды)

-          Не?

-          Кешірші, мені.. Мен сені жақсы көремін ғой. Сені жақсы болсын деп, сабағын жақсы оқысын деп ұрсып жатырмын.

-          Ұрса бермеңізші маған... өзім сізді сағынып жүрсем...

-          Заным сол, мен де сағынып жүрмін ғой сені. Мен тек жақсы көретін адамдарыма ғана ұрсам ғой. Сен бөтен болсаң сөйлемейтін де едім.

-          Мақұл...

Болды! Мир! Жүрегім тынышаталайын деді. Бұрын бүйтпеуші ем. Қазір осы екі бауырым үшін ет жүрегім езіліп кете жаздайды. Отбасымның қадірін осылай жат жұртқа кеткелі қатты түсініп жүрмін. Басқаларға көрсете алмайтын мінезімді осыларға көрсетіп жеңілдеп алатыным да рас. Олар мені қандай болсам да жақсы көреді ғой. Не айтсам да, не қылық жасасам да еркелігі деп түсініп үндемей отыра береді. Жақсы көретіндеріме ғана ұрсам дегенім де содан. Өйткені солар ғана менің мінезімді көтере алады. Салмағы ауыр болса да аяқтарынан тік тұрып көтереді. 

Е, солай! Титімдей ғана бауырым мені бүгін жылатып қойды. Мен оны, сосын ол мені жылатты. Бұл да махаббат шығар...

Жұлдызды блогтар