
блог
Ең кішкентай «массагетші»
Есен-аман бармысыздар! Сырдың қызының сәлемін қабыл ал, халық!
Жағдайларыңыз қалай? Жақсы болса болар!.. «Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар! (с)»
Мен бе?.. «Сөз берді ме, жоқ па?» деп, микрофонды жұлып алғандай болып, сөзді «әріректен бастап», Өз жағдайымды «жырлай» бермей, Жақсы бір Жаңалық айтайын деп келдім негізі! ( түу, білетіндер айтып қоя ма деп тыпыршып отырмын, сүйіншіні өзім сұрағым келіп отыр )
Алдымен, мынаны айтайыншы, Біз әрдайым Массагетті қолдаймыз! ( «біз» деп отырғаным, ол – БІЗ ғой ) Пейілдерін пікірмен білдіріп жүрген әппақ ниетті қолданушылардан айналып кетесің, ал, дер уақытында «Мен де бармын, біргемін!» деп пікір қалдыра алмаған адамдарға айып тақпаңыздар, Біз – шын жүрекпен бәрібір біргеміз ғой! Жалпы, сайтқа кіруге ыңғайы келе бермесе де, Массагеттің жаңалықтарына қанығып, жетістігіне қуанатын тілекшілер көөөп, менің ӨЗІМ біразын танимын!
... дегеннен шығады, ОСЫНДАЙ жандардың бірі Рахым Балдәуреннің Сіздерге деген, Бізге деген сағынышын арқалай келдім!
Киелі Түркістаннан жалпыға жалынды сәлем!
Солай, ағайын! Мен Әпке болдым, дәлірегі, болдық! Біріміз кезекті рет – ӘПКЕ, біріміз – АҒА атандық!
Түтіні түзу Шаңыраққа «... Жас баланың күлкісін бер, Жас ананың ұйқысын бер!..» деп Аталар беретін Бата дарып, дүниеге сәби келді. Өмірге тағы бір Адам келді, Қазақ келді, қуан, халқым! )
Балақайға өмір жасының ұзақ, бақытының баянды болуын тіледім!
... Сіңілімнің дүниеге келгеніне бір ай енді болса да, Ол мені таниды – мен маңдайынан иіскесем, ұйықтап жатса да күлімсірейді ғой ( сенбесеңдер, мамасы Балдәуреннен сұраңдар! )
Ұрпағына бақыт тілеп бір Әулет қуанса, жиеніне жақсылық тілеп Нағашы жағы бір қуанды! Ақжолтай тілегін жолдаушы Массагеттің өзі бір қауым! Көптің тілегін Алла қабыл етсін! Әумин!
Шіркін, Массагет – нағыз Қазақы орта ғой! Арамыздағы үлкені – айтары бар парасатты тұлға болса, ең кішіміз – бір айлық қана сәби! Біз – Кереметпіз! ( «Біз» деп отырағаным, ол – БІЗ ғой! )