Қазақ-Мажар қатынастары туралы конференция

Қазақ-Мажар қатынастары туралы конференция
жеке
блог

PARLAMENTTE

 

Қарашаның 19-20 күндерi Будапештте Қазақстанның сыртқы iстер министрi Ерлан Идрисовтың қатысуымен 2 күндiк ресмi сапары өттi. Талай маңызды келiсiм-шарттарға қол қойылды, солардың қатарында: білім беру және ғылым саласындағы бағдарламаға, Қазақстан Бас прокуратурасы мен Мажарстан Мемлекеттік басқару және әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге. Екi ел арасындағы тiкелеi ауа қатынасы және ортақ қаржы фонды жайлы сұрақтар да талқыланды. Бұл шаралар келесi жылғы елбасы сапарың дайындығына септiгiн тигiзуде.Сонымен қатар мiнiстр Парламеннте өткен " ортақ тарих-ортақ болашақ" атты қазақ-мажар қатынастары туралы конференцияға да қатысып, Мажарыстанның  Еуропадағы маңызды саяси, экономикалық, стратегиялық серiктес екiнiнiне назар аударды.Конференцияның бiрiншi күнiнде  Болат Кумеков академик, Халықаралық қыпшақтану институтының дiректоры, Асқар Нұрша-Халықаралық экономика және Политология институтының сыртқы саясат жобаларының координаторы,  Оңғайша Мандоки-Иштван Коныр Мандоки түркiтанушының әйелi, Құралай Байзақова тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің профессоры, Андраш Биро антрополог, құрылтай бас ұйымдастырушы  баяндамаларын оқыды.Конференция екiншi күнiн Ниредьхаза қаласының  институтында  сыртқы iстер өкілетті министрi Кешкен Ернө  ашты. Айболат Кушкумбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тiлiн жақсы меңерген этнограф Шомфаи Қара Давид, Сегед институтының қазақ тiлi лекторы Раушанүл Мукашева  сонғы тарихи зерттеулерi жайында баяндамаларын оқыды.

Nyiregyhaza