Мейірсіз қыз

Мейірсіз қыз
жеке
блог

Кірпігіме жас ілгем, үзілген үн,

Көрдіңіз жүрекке мұң тізілгенін...

Кеудемнен бір дүрсілді ести алмай,

Жанарымның жазғырдың сүзілгенін...

 

Қайтейін, ұғам, білем, сағынасыз,

Сезімнен жеріп тұрып мағынасыз...

Ауырсам алаңдайсыз бей-жәй қалмай,

Жабықсам ту жанымнан табыласыз...

 

Іздейсіз, мұңға батып, сабыр етіп,

Жүр дей көрме:"әдейі жәбірлетіп"...

Иығыңыз тостыңыз тосылмастан,

Қажығанда өмірден әлім кетіп...

 

Пешенемде не барын ұға алмастан,

Маңдайымнан өбесіз шыдам қашқан.

Тағы да теріс кетем, діріл қағып,

Қиялымда бір тағдыр құра алмастан...

 

Жүрегімді жатқа да ұстатпағам,

"Қара",-деп, ренжімедің, қыстап маған...

Мен сізді түсінбеймін, сезімі бар,

Менен басқа мейірлі қыз таппаған...

 

Қарап келдім жүзіңе ұялмай тым,

Қасиетті құшыппын қия алмайтын...

О, Алла, нендей жүрек сыйлап едің,

Ешкімді өліп-өшіп сүйе алмайтын...

Мақпал Төребек