Аштық ойындары: Тұтанған от
блог
Әлемді ақшасы бар, қатыгез адамдар билесе не боларын ойланып көрдіңіз бе?
"Аштық ойындары: Тұтанған от" киносында осы мәселені жақсы көтерген.
Ақшасы көп, байығаннан іші пысқан байлар қарапайым халықтың арасынан адамдарды таңдап алып небір қиындықтары кездесетін ойындар ойлап табады...
Ол ойынның әр бөліміне 24 адамнан қатысып, тек біреуі ғана жеңіпмаз болуға тиісті ойыннан махаббат арқасында жеңіп шыққан Китнисс Эвердин мен Пит Мелларк осы жеңіспен бәрі бітіп, бостандық аламыз деп ойлайды...
Бірақ, аштық пен биліктен әбден қажып біткен халық Китнисстен өздеріне үміт отын көреді. Себебі оның мықтылығы мен ерекшелігі, адамдар тағдырына бей-жай қарай алмайтындығына үмітті еді...
Китнисстің қарапайым халықтың символына айналғанын көрген басшылық, барлық Аштық ойындарының жеңімпаздары арасында тағы ойын ойнатып көруді ойлайды. Жеңімпаздар болса да, олар үшін ол ойынның қайта болмауы өте маңызды еді... Ол ойынан олардың аман шығып-шықпауымен бірге олардан жәй ғана адам өлтіретін жендеттерге айналар еді...
Адамдарды қорқытып, аштықта ұстау адам өмірінде көп кездеседі. Бірақ қашан да, тек жүрегі таза, бойында адамдығы бар адамдар ғана жеңімпаз болмақ...
Киноның ұнаған идеясы, қашан да бәрі бітті деген жерде үміттің сәулесі қашан да болмақ. Қарапайым адамдар байда, билік те қорқатыны. Біріге алсаң күш бола алатының анық көрсетеді.
Кинодағы таңқаларлық заманауи құрылғылар мен адамдардың ойлап тапқан қатыыгездіктеріне таңқалмасқа амал жоқ. Киноға берер бағам 7/10