Қазағымның салттары-ай

Қазақ халқым жиған тергенін тойға шашатын халық қой. баланың туылғанынан бастап той. Шілдехана, бесік той.... кете береді. Маған әсерісі бесікке салу салты қатты ұнайды. Бесіктің тесігінен тыштырма тәттілерін төгіп, бәріне таратып болған соң, баланы жатқызады. Бесіктің үстіне тоғыз қабат жамылғы жауып, бесікті көтеріп "бала сатам, бала сатам" деп айналып жүреді. Бланың туыстары жаңағы кісіге ақшасын төлеп баланы сатып алады. Өте қызық көңілді өтеді.


Өткенде бір баланың сүндетке отырғызылғанын көріп менің қызым жылап жүр. Жылаған себебін сұрасам "мен 6-ға келгенде мені де сүндетке отырғызасыңдар ғой" деп азар-да безер болды.


Оны қойшы, біздің ауылда бір үйде беташар болған екен.  Беташарға ақша салып жатқан бір апамыз 500 тенгесін салып 200 тенге сдачасын алғанын айтқанда, әбден күліп едім. Апаларымыз аман болсын


Ал "  жүгіруден кім бірінші келсе, баланың тұсауын сол кеседі"- дегенді естіп мен де  "марафонға" қатыстым. Аяғым ұзын ғой, бірінші келдім. Солайша абысынымның баласының тұсауын кескенім бар.


Негізі тойларда тост айту мен үшін өтеее қиын дүние. Аузыма сөз түспейді ондай кезде.  "Аспаның ашық, денің сау болсын, арамызда күліп ойнап жүре бер" дегеннен басқа. Кішкентай кезімде бізде тура мынандай жағдайлар болушы еді:

 

Аллаһ қазағымды тойдан айырмасын.



Бөлісу: