9 сыныпта жазылған
жеке
блог
блог
Жүрегіме шоқ түсірдің, жандырдың,
Кіршіксіз пәк сұлулыққа қандырдың.
Тұла бойды баурап алдың еріксіз,
Көркіңменен мені естен тандырдың.
Бал сезімім саған үміт артады,
Ғашықтығым - махаббаттың қалқаны.
Сыңғыр күлкің еліктіріп, елітіп,
Қара көзің магнитше тартады.
Сырларымды сақтап жүрмін ішімде,
Сенен жайсыз жауап алмау үшін де.
Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырдың,
Тым болмаса, маза берші түсімде.