Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігі Жеңіс күніне арналған Қызыл алаңда болатын шеруге қатыстырылатын жаңа әскери жабдықтарын алғаш рет көрермен назарына ұсынды.
«Армата» орташа танкі. Кез-келген жауға қарсы негізгі көп бағдарлы құрал ретінде жаппай қырып жоюмен ядролық қаруды да қоса қамтиды. «Армата» Т-14 танкісінің басты ерекшелігі қолжетімсіз бөлігінде болып отыр. Мұнда экипаж оқшауланған бронды капсулада отырып қару-жарақты қышықтан басқара алады. Машина радиуы 100 километрге дейінгі аумақта 40 жерүстілік және 25 әуелік бағыттарды бақылай алатын бірегей радиолокациялық жағынан жабдықталған.
«Армата» құрлық күрес машинасы. Жаудың танкі және мотоатқыштар бөлімшелерінің кез-келген құрамын жаппай жойып тастауға, оның ішінде ядролық қаруына арналған қару.
«Курганец-25» құрлықтық күрес атқыштар машинасы. Мұнда экипаж мүшелері модульден алшақтатылып қару-жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз етілген Ресейдегі ең алғашқы және жеңіл брондалған машина. Орындалатын тапсырмаларға байланысты өзгеріп отыратын модульдік қорғаныспен жабдықталған. Машинаның танкілік броны соғысты снарядқа қарсы тұра алатын жаңа кешенді де белсенді жауынгерлік қорғанысымен толықтырылған.
«Курганец-25» бронетранспортері. Мотоатқыштарды тасымалдау, ыдырап кеткен жауынгерлерді отты қарумен қамтамыз етіп, қолдау үшін арналған.
“Бумеранг” бронетранспортері. Бөлімшелерді тасымалдауға, шайқаста оларға өртті қолдау көрсетуге, жұмыс күшін жоюға, танкке қарсы қару мен жеңіл брондалған көлік құралдарын тасымалдауға арналған құрал. Жаңа доңғалақты жауынгерлік «Бумеранг» машинасы болашақта РФ-ның құрлық әскерлерінің негізі болып, көптеп таралған БТР-80 ді алмастыруы жоспарлануда.