9 мамыр - Жеңіс күнімен!
жеке
блог
блог
Достар, Ұлы Жеңіс күніне арналған арнайы жобамызда осы бір айтулы күн туралы жан-жақты мәлімет беруге тырыстық.
Бейбіт күн бізге аналардың жасымен, бабалардың қанымен келді деп айтуға оңай. Тіпті, көркем шығармалар мен фильмдер де соғыстың ащы ақиқатын жеріне жеткізіп баяндай алмаса керек. "Тарих тағылым алу үшін жасалады" демекші, бұндай сұрапыл шақты, запыран заманды адамзат баласы енді ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.
Достар, "Арым - жанымның садағасы" деп толарсақтан саз кешіп, жанқияр ерлік көрсеткен бабаларымызға мың тағзым етейік! Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдығы құтты болсын! Таңдарымыз тыныштықпен ата берсін! Бауырымыз бүтін, еліміз тыныш болғай!