Ауырмашы

Ауырмашы
жеке
блог

Ауырсаң анашым, мен үнсіз жыладым

Тәңірден өзіңе бір шипа сұрадым,

Анашым, алтыным,  балауыз еркеңді

Ренжітсем, мұңайтсам, кешірші шырағым

 

Сен барда үйіміз жып-жылы, жарық тым

Тек өзің айтатын ақылға қанықпын

Кішкентай болса да тұлғаңыз анашым,

Сіздегі кең жүрек-жүрегі алыптың

 

Сен барда бақытты сәбимін, еркемін

Өзіңе көңілдің сан күйін шертемін

Сені еш ауыртпас бір сиқыр тапсам ғой.

Әттең-ай анашым, сиқырға келтемін

 

Ақымақтық жасасам, маңдайдан түртесің

Жыласам жұбатып жасымды сүртесін,

Қызыңның жағдайын уайымдап мамашым,

Жаманға қимайсың гүліңнің күлтесін.

 

Панамсың жып-жылы, жаурасам баратын,

Сен гүлсің, мен-ара, сенен нәр алатын,

Өзіңді құшақтап, бір иіскеп алмасам

Ұшпаймын арадай, қақпаған қанатын

 

Тірліктің қамымен шаршаттың тәніңді

Неліктен мен сирек  сұрадым хәліңді

Анашым қалайсың, жүрегің, қысымың

Ұмытпай іштің бе бүгінгі дәріңді?

 

Төтедің тағдырға, қар  менен жауынға

Кеудеңді тосасың  боран мен дауылға,

Тек "Сен" деп соғатын жүрек бар, сондықтан

Анашым жалынам ешқашан ауырма

 

Уайымдап, қамықпа қыс пенен күзге сен

Дәл сендей таппаспын жаһаннан іздесем

Сен әлі жап-жассың, сұлусың, "ханымсың"

Анашым керексің мәңгілік бізге Сен