Футбол ойнайтын жер

Таңертең автобусқа отырдым. Бәрі әдеттегідей, ығы-жығы халық,  нешен түрлі иістердің керемет "миксі". Рәзіңке автобус, қанша адам кірсе соншалықты созыла алатын. Жүйкесі менің жүйкемнің тозығынан кем түспейтін кондуктор. Иә бәрі әдеттегідей еді.   Аса мәртебелі Кондуктор мырза: Жылжыс, жылжыс, өтің, жылжыссаңыздарсайшы, өтің, есікті жауам қазір- деген маған таныс емес тілде сайрап жатыр. "Артына қарай жылжыс, артында футбол ойнайтын жер бар"-деп қояды. Футбол ойнамақ тұрмақ тауық құсап бір аяқпен тұрғанымызда шатағы жоқ. "Футбол ойнайтын жер" дегенді 5-6 рет қайталады. Бір кезде менің де жүйкем сыр бере бастады. Қысылғаным соншылақты басым айналып, әлсіреп бара жатқанымды сезіндім де :"Әй, кондуктор, енді футбол ойнайтын жерге адамдарды жіберсең сенің басыңды доп қып тебеміз" дедім. Бұл сөзіме ашуланған ол: "Кім ол айтып тұрған, допты жынды теуіп қоясың ба"-деді. "Тепкенің не лобовойға гол салам" дедім тістеніп.  Шуылдап шұрқырап кетті автобустағылар. Адамдардың көптігі сонша тұрған жерімде талып қалдым. Қызық, адам талғанда жерге құлаушы еді. Тік тұрып талған бір қызық көрінетін шығар.Тек қана басым ғана "сылқ" ете қалғандай болды. Бетімнен қағып бәрі далаға шығарды да, автобустан түсіріп кетті. Аялдамаға отырғызған кондуктор маған қарап : Әне, қарындас, Сізге қызыл карточка, ойыннан шықтыңыз-демесі бар ма.

Кеше де Автобуста жастары шамамен 14-16 дағы оқушы балалар орындықта отырып алып, "ұйықтап" жатыр екен. Үлкен кісі  кірді де:" қазіргі жастарда ұшып тұрып орын беру деген  жоқ"-деп күрсінді. Мен де қалыспай "Апа, тыныш, олар ұйықтап жатқан жоқ, олар Сіз сияқты үлкен кісінің тұрып тұрғанын көрсе жүректері ауырып, жандары ашиды, сондықтан көздерін тарс жұмып алған"-дедім. Ол кісі де әзілкеш екен, менің сөздерімді іліп алып кетті: Ааа, олай болса өте мейірімді балалар екен, қайдан білейін, ұйықтап жатырма десем"-дегені сол еді. Ұйықтап жатқан баланың біреуі ұшып тұрып көздерін төмен салып кісіге орын берді.

Түйін: Ұрсыспай-керіспей де орын алуға болады екен.



Бөлісу: