Ернар Айдар

Ернар Айдар
жеке
блог

Бұрынырақта ауылдың кемпiрлерi той-жиын бола қалса "ана пушық ән айтпай-ақ қойса,ешкiмнiң көнiлi қалмайды,маңқаланып әннiң нақышын бұзады" дегендi естiгенмiн."Өлеңге әркiмнiң де бар таласы" демейме-Абай.Сол ауыл кемпiрлерiнiң сөзiне қарама-қайшы,әндi жұдырықтай жүрегiмен берiле айтатын "пұшық бала" келдi қазақ эстрадасына.Ол Ернар Айдар.

 "Шаншар" театрының директоры,Уәлибек кұдамның Ернар жайлы айтқаны:"Бiр жiгiт келдi осыдан 2 жыл бұрын,акесiне арнап ән шығарып,орындаған екен.Әкесiне арнап шығарғаннан кейiн бiрiншi-туған күнiнде өзi жылаған,әкеме арнадым деп.Онымен әкесi жылаған,сосын бала-шағасының бәрi жылаған.Сөйткенде ертеңiне тұрғаннан кейiн,бәрi айтқан ғой "сен звезда болуың керек" деп.Маған әкептi соны.Сосын қанша әнi бар десем,бiр әнi бар екен,"аке" туралы.Ей,сонда сен бiр әнмен звезда болып кетпекшiсiңба десем,Заттыбекте сөйтiп кеттi ғой дейдi.Сөйтiп қуып жiбергем оны.Сөйтсем сол бишара бала 2 жыл болды,20 шакты ән жаздырып,бiр-екi әндерi хит боп қапты бұл бишаранын"..

 Ернарды алғаш қателеспесем "Сенен басқа кiмiм бар?" әнi арқылы таныдым.Бұрын әлi таныла қоймаған әншiлердiң әнiн тыңдамайтын едiм.Ернардың осы бiр ғана әнінің өзi маған қатты ұнады.Сайттардан айлар бойы iздеп,соңында таптым.

 Ернар-қазақ эстрадасына жаңаша бағыт алып келдi.Көп ұзамай өзiнiң аудиториясын жиып алды.Қазақы үндi жiгiт қой.Өзiнiң қазақи иiрiмдерi бар.Кез-келген өленңнiң табиғатын өзiндiк қырымен аша бiледi.Кеше ғана аға буын әншiлерге елiктеп сол ағаларыңа ұқсагың келдi.Кезiнде соларды мойындадың.Ендi өзiңдi мойындат бауырым.Әндерiнiң барлығын тыңдап қарасам сырға толы,мұңға толы.Қазiр халықтың талғамы жоғары.Талғампаз халықтың жүрегiнен орын ала бiлдiң.Әндi сүйсең Ернардай сүй."Әннiң де естiсi бар,есерi бар".Естi,ғұмыры мәңгi жасар әндер көбейсiн.Шынында әндерi "құлақтан кiрiп бойды алaды".Менiң анама кез-келген ән ұнай бермейдi,талғамы биiк.Ернар эстрадаға келгелi осы жiгiттiң әндерiн сүйiп тыңдайды.Кейде менен сұрайды:"Ернардың жаңа әндерi шықты ма?" деп.Алғашында көбi Ернардың үнiн Еркiн Нұржановпен шатастырып алатын.Екеуi де қазақы қалпын сақтаған,қоңыр дауысты әншiлер ғой.Бәлкiм содан болар.Ш.Сулейменов,О.Отар,Б.Есебаев сынды ақын-компазиторлармен жұмыс жасап жатыр екенсiң.Жасай бер!Асқақтай бер!Қазақ елiнде ән сала бер Ернар.Әнiңдi елiң сүйедi.Бұл Таңiрдiң саған берген сыйы едi...