Мен Сіздерді түсінбеймін

Мен мына кісілер жайлы айтып отырмын:

1. Балаларының қалаған жанға қосылуына үзілді- кесілді қарсы болып, сезімімен, қалауымен санаспайтын ата-ананы түсінбеймін."Оны алма ол кедейдің қызы, туыстардан ұят болады, бәленшенің қызын аласың", не болмаса "оған тиме, оның әкесі не болмаса шешесі жоқ, тойда жолдастарымыздан ұят болмай ма" дейтіндері жыныма тиеді. Ата-анасының сөзін тастамауға тырысқан бала, өзінің қалағанынан, сүйіктісінен бас тартуға мәжбүр болады.Ондай ата-ананың ойлауынша барлығы уақыттың еншісінде, уақыт өтіп балалар бір-біріне бауыр басысып, сыйласып кетеді деп ойлайтын шығар. Бірақ  көп жағдайда бәрі керісінше, қайта  сол ата-ана бастап берген жараның орны жылдан жылға үлкейе берді. Ақыр соңында баланың психикасы бұзылып, құрған отбасының да берекесі болмайды.

2.  Келінінің ата-анасына "қыздарыңыздың артынан ананы әкел, мынаны әкел, арзанынан болмасын, бәленше көрпе, бәленше жастық-деп сұратып жатқандар, не болмаса "қызымыздың қалыңмалы 5000 доллардан кем болса қызымызды көрмейтін боласыздар" дейтіндерді түсінбеймін. Әркім ақ баласы үшін бәрін, барын, жиғанын береді. Әр нәрсеге қанағат, тәуба қыла білу керек.    Осы жасау үшін, әкелген қалыңмал үшін үйленбей жатып ұрыс керіс шығарып жатқанын көреміз.  Әттең сол ақша, сол  дүние балалардың бақытты өмір сүруіне кепілдік болып жатса қанекей.


 

3. Әдемі, тартымды, шашына   "прическа" жасаған, қымбат әтірге тұнып, маникюрді қатырған қыз-келіншектерді көргенде-"өте тартымды, өзін-өзі күтетін келіншек екен" деп сілекейі ағатын, ал өзінің келіншегін дәл солай көрсе "кімге қырыңдап шашыңды бұйраладың, андағы тырнағың не қарғаның тұяғы құсатып, немене әтірді үстіңе құйып алғансың ба, кім үшің сонша бояндың" деп сілекейі шұбырып емес , көпіріп ұрсысатын еркектерді түсінбеймін.

 4. Жағымпазданып, көрінгенге "жаныыым" деп  жалған жалпылдап жататындарды түсінбеймін. " Күшті болып кетіпсің ғой, өзіңе керемет жарасып тұр "-деп алып,  кеткен соң "Құдааай, салаңдатып не киіп алған, распродажаның киімін" деп жатқандарды жееек көрем!!!


Тағы көп қой негізі мен түсінбейтін адамдар, бәлкім олар да мені түсінбейтін болар.



Бөлісу: