Фотоөнер мерейі

       Фото-өмірдің әрбір сәтін,әр минутты,әр секундты суретпен жеткізетін теңдесі жоқ құбылыс.Фото-ерекше әлем.Журналистер айтатын ойын,жан дүниедегі жасырынған жұмбақты оқырманға тілмен жеткізсе,фотожурналистикада дәл соны суретпен жеткізетін,сурет арқылы берілетін тамаша өнер десем артық айтпаған болар едім. Өскелең ұрпаққа фотоөнердің  қыры мен сырын жеткізе білген «Қазақ баспасөзінің  фотошежірешілері» кітабында  Асылхан Әбдірайымұлы тек фотосуретшілердің суреттерін ғана беріп қоймай,олардың түсірген суреттерін бере отырып, айтулы фотошежірешілердің өзіндік өрнегін көрсете кетті. Рысқали Дүйсенғалиев,Петр Редько,Бекмұхамбет Тілекметов,Жүнісбек Пайызов,Қайрат Мұстафин,Нұрғожа Жұбанов,Сиез Бәсібеков,Сайлау Пернебаев, Дендербай Егізов, Алашыбай Есмағамбетов,Нұрманбет Қизатұлы,Рахымбай Ханалы сынды фотошежірешілердің суреттеріне сыр шерте отырып,толассыз тарихқа көз жүгірттік. Кітап тұсаукесерінде фотосуретшілердің ақсақалдары, көзі тірі шежірешілер-Нұрғожа Жұбанов,Нұрманбет Қизатұлы  келді.Көрмеге келген көрермендер қатарында Айдос Сарым,Зәкір Асабаев,Мамадияр Жақып сияқты журналист ағалармен қатар  Асылхан Әбдірайымұлы басқарып отырған  фотоөнер бірлестігінің мүшелері- Оңғарбек Алхаров,Жеңіс Сабаев,Серік Өтегенұлы қатысып, Асылхан Әбдірайымұлына алғысын білдірді.Тұсаукерсер рәсімінде А.Әбдірайымұлы фотожурналисткаға бағыт беретін бастама ретінде photooner.kz сайтының ашылғанын мәлімдеді.Фотоөнердің дамуына сайт өзіндік үлес қосып жатса,фотоөнердің бастау бұлақтарын көрсеткен бұл кітап  бүгінгі күні барша жұрт мерейіне бөленді.Халық мерейінен бөлек, әруақтың риза болары қуантады.



Бөлісу: