"Әлемде" - әншілер

Достар, "ӘЛЕМ әнмен тербейді" атты кездесу кеші қтеді деп талай хабарлаған болатынбыз. Массагеттіктер, көрінбедіңдер ғой, ә? Ренжімейміз. Бірақ, көөп қызықтан құр қалдыңдар. Не болды дейсіңдер ме? Тыңдаймыз, ендеше!  Қонақтарымыз келді. Орындарына жайғасты. Концерт те басталды. Жүргізушілер сахнаға шығып, амандасты жиналған жұртпен. Бірі - ресми кейіпті қалыпта ұстасы, бірі - көңілді көтеру мақсатында аздап әзіл-қалжың араластырып отырды. Басталар басталмастан аудитория назарын өздеріне еліктіре білді "Әлемдіктер". Әндер айтылды, өлеңдер оқылды. Арасында "Бақыт" театры театрландырылған көрініс қойды "Отырып қалған Орынгүл" атты. Мұның бәрін жіпке тізсе, жалығарсыздар. Сол себепті, қысқаша атап өтейін. Сол күні тек кездесу емес, "Әлем" әдеби бірлестігінің құрылғанына 1 жыл толды. Тәй-тәйлап енді қадам басқан бұл бірлестік бұған дейін де кездесулер өткізіп тұрған екен. (Мен биыл ғана ғой келгенім). Бұл жолғы кездесудің жүгі ауыр, жауапкершілігі мол болатын. Абыроймен атап өттік. Журналистика факультетінде өткендіктен бе, сұрақтар легі тоқтамады. Неше түрлі тәсілдермен сұрақ қойылды. Мысалы: бірі өзін таныстырып, микрофон алдында сөйлесе, бірі - хат жіберді. Барлық қалаған сұрақтарымызға жауап алында. Кейіннен ойын ойнаттық. Алғашқысы - гір тасын көтеру болды. Рейтинг былайша жайғасты: Есет аға 20 рет, Сержанали 19 рет көтерген болатын. Келесі ойын: 2 жатақханалық студент қатысымымен өткен ойынға қонақтарымыздан Есет ағамыз ғана қатысты. Ал, Сержанали аға оразада екендігін айтты. Шарты былай: нан тілімдеріне майонез және кетчуп жағып, кім тез жеп бітіреді деп жарысу. есет аға - алдыңғы орында! Қатысушыларға сыйлықтары табыс етілді. Бір жақсысы, ішінде не бар деп білгіңіз кеп қиналмайсыз, сол жерде ашты. Ішінде - "Биг Бон". Студенттердің ұлттық тағамы)) Кейіннен қонақкәде сұрадық. Бастапқыда, бір өлең айтқызамыз деп алып, "жұп" қылдық. Бәрі тамаша өтті. Тек қана қатып қалған қағидамен сұхбат жасай бермей, өзгеріс енгізгісі келген "Әлем" әдеби бірлестігінің төрайымы Ақтолқын Тәжікованың ойы жүз пайызға орындалды. Шеңберден шыққан да жақсы екен)) Кеш басында Сержанали аға тосын сыйым бар дегенде, бәріміз елең еткенбіз. 29 қараша күні республика сарайында өтетін шығармашылық кешіне билет берді. Сұрақ қойғандарға. Ішінде мен де бармын. Билетті қалтаға салып алып, әншілеріимізбен естелік суретке түстік. Жерлесім Есет ағамен түсуге құлшыныс мықты болды. Бірақ, бірінен-бірін бөлуге келмес, себебі Сержанали ағаның "Мен сені жақсы көрем" әнін т.нде құлаққапқа салып, тыңдаушы ем... Алған әсерім тамаша!

 P.S тағы қайталайын: 29 қарашада республика сарайында Сержанали Әлібектің шығармашылық кеші өтеді. Көріспеген Массагеттіктер, сол жерде кездесейік! Мен сіздерді күтемін. 

 



Бөлісу: