Астаналықтар, бас қосайық!

Астаналықтар, бас қосайық!
жеке
блог

Емірене аққан Есілдің етегінде орналасқан елордадан күллі қазақ жұртының басын қосып отырған «Массагетке» жалынды СӘЛЕМ!Қалдарыңызды жақсы деп ойлаймын.Wink «Массагет» ауылы көркейіп,көлемі де ұлғайып, қала атына ие болғалы көп уақыт болды.Жасыратыны жоқ,күн өткен сайын  қолдану аясы кеңейіп, ақпараттар молайып,жаңа бастамалар қолға алынып порталымыз қарқынды даму үстінде. Осының бір дәлелі-кешегі бұйырған ЖЕҢІС! Қуанышымыз ұзаққа созылсын!Smile Сайттың алғашқы жеңісін атап өтпесек айып болар деген оймен Астаналықтар болып бір жерге жиналып, қуанышты «жусақ па» деп отырмыз.Қалай қарайсыздар?! Егер іштей келісіп отырған Астаналықтар болса  осы сенбі күні кешкі сағат 6-да «Сарыарқаға» ат басын бұрсаңыздар болады. « Бұл ән бұрынғыдан өзгерек...» дегендей,бұл кездесу алдыңғысынан басқаша болмақ. Бірақ,кездесу орны мен басқадай нәрселерге қарсылық қабыданбайды! Біз сіздерді күтеміз!Kiss

Толық ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы біле аласыздар:                                                                                                       +7 702 275 75 11