Жымысқы ой...

Жымысқы ой...
жеке
блог

Қандай ниет қолымды сұратқаны?! 

Тұрғаным ба арымды сынатқалы?!

Қара түнде сілейген екеумізді,

Біледі Алла, Құдай да ұнатпады...

 

Көзді сатып көріпкел көкірекке,

Құрғыр ауыз ай асып, көпіред те...

Жүрек емес, қол тұрды санаңызда,

Ақыл емес, жымысқы ой "өшіредте"...

 

Қара түнді жамылып, қара басқыр,

Ойыңыздан ұялдым, жалаңаш құр...

Қу, дүние-ай, құлқынсыз, қаніпезер,

Ниетіңді періште ала қашқыр!

 

Кәлимаға келтіріп күрмеуліні,

(Өлім еді, сол сәтте білмеу мұны...)

Бүгінгі түн, ұмытқан намаз түні,

Бүгінгі түн ойымның кірлеу күні...

Мақпал Төребек