Ғалымдардың ғылым жайлы ойлары
жеке
блог

Ғалымдардың ғылым жайлы ойлары

Күнделігімді ақтарып отырып, ғылым туралы Ислам ғұламаларының сөздерін кездестірдім.

Хз. Али (р.а.) Күмейілге бұрылып: «Ей, Күмейл, ғылым байлықтан қайырлы. Өйткені малды сен қорисың, ал ғылым болса сені қориды. Ғылым бағындырушы, байлық бағынушы. байлық берсең азаяды, білім берсең көбейеді».

«Бір ғалымның дәрежесі - аузы берік болса да соғысқа қатысып, түнін ғибадат етумен өткізген мужахид құлдан жоғары».

«Бір ғалымның өлімінен кейін ислам әлемінде қаңырап қалған бос орын, сол сияқты ғалым өсіп жетілмегенше толықтырылмайды».

ӘбулӘсуад: «Ғылымнан бағалы нәрсе болмайды; Өйткені сұлтандар адамдарға басшы, ал ғалымдар сұлтандарға басшы» - дейді.

Хасан Басри: «Ғалымдардың қаламы шейіттердің қанымен таразыға тартылады және ауыр басады».

Ибн Масғуд (р.а.) «Ғылым жоқ болмастан алдын оқыңдар. Ғылымның жоғалуы ғалымдардың өлімімен болады. Жаным қолында болған Аллаһтың атымен ант етемін Аллаһ разылығы үшін өлген шынай шейіттер ғалымдарға берілген жоғарғы дәрежелерін көргенде, ғалым болу үшін дүниеге қайта келуді тілейді» - дейді.

Ибн Аббас (р.а.): «Мен үшін түннің аз да болса бөлігін ғылым үйренумен өткізу түні бойы ғибадат  етуден жоғары» - дейді.

Хасан Басри "Бақара" сүресінің 201-аятындағы «Уа Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық бер және ақыретте жақсылық бер" деген аятта бұл дүниедегі жақсылық бізге ғылым және ғибадат, ал ақыреттегі жақсылық жәннатқа кіргіз деген мағынада айтылған дұға» - дейді.

Зубейр ибн Әбу Бәкір: «Әкем Иракта жүргендегі хатында маған былай деп жазды: «Оқы, өйткені ғылым - жоқшылығыңда байлық, байлығыңда сән болар».

Хз. Лұқман (ғ.с.) ұлына берген насихатында былай деген: «Ұлым! Ғалымдардың мәжілісіне қатыс. Көктем жаңбырымен жерді көгертетін Аллаһ, хикмет нұрымен мұсылмандардың жүрегін толтырады».

Ғалымдар: «Ғалымның өліміне теңізде балықтар, ауада құстарға шейін әр нәрсе жоқтап жылайды».

Яхя ибн Муаз (р.а.): «Ғалымдар Мұхаммед (с.а.у.)-нің үмбетіне әке-шешелерінен де мейірімді. Өйткені әке-шешелері оларды дүниедегі оттан қорғайды, ал ғалымдар болса ақыреттегі оттан қорғайды».

Хасан Басри: «Ғалымдар болмаса адамдардың басқа жандылардан айырмашылығы болмас еді. Өйткені олардың оқытуымен адамдар адамдық дәрежеге жеткен», - дейді.