Жарыма

Жарыма
жеке
блог

Мен жүректің ғашық даусын тыңдадым,
Менен өзге кім естісін мұң-зарын.
Мынау іңкәр дүниемен тербелген
Сездім сонда шумақ-шумақ жыр барын.

Ақша беттің нұр сепкенде екі ұшы,
Бекзада екен деп тұрасың болмысы.
Менің ыстық махаббатым алғашқы
Кім біледі, бәлкім, сондай соңғысы.

Кінәрат па? Кінәрат та бар менде.
Асыл мұрат қол бұлғайды әудемде.
Сарғайуымен соңғы демі үзілген
Сағыныштың кеудемде.

Мен сонда да бір ойламай тұра алман,
Ей, нұрлы арман, Ұлы арман.
Ізгіліктің жолын маған нұсқаған,
Теңдесі жоқ Бір Аллам.

Сағыныштың мұңлы екенін білсем ғой,
Түк ойламай, түк сағынбай жүрсем ғой.
Мен тегі әбден сағынғанмын сапарда
Төлегеннің соңына еріп жүрсем ғой.

Сағыныштың зарлы екенін сезсемші
Сен де мендей бір сағынып көрсеңші.
Ең ардақты сезімдермен от кешіп,
Сәулем, маған келсеңші.

Сағынудың қасіретін білмеппін,
Мүмкін менің жанымнан сен мың өттің.
Сәулем, маған сен керексің, керексің,
Мен деген бір қапастағы түнекпін.

Сағыныштың ләззатын білем мен,
Ештеңе емес мына ғалам түнерген.
Екеуіміз қосылғанда бұл жырды
Өзіңе оқып, күлем мен.