Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ҚҰРЫМБАЙ БАСТЫҚ ПА КІНӘЛІ...

ҚҰРЫМБАЙ БАСТЫҚ ПА КІНӘЛІ...

ҚҰРЫМБАЙ БАСТЫҚ ПА КІНӘЛІ...

Миллион, миллион, миллион, миллион (тап осылай 5-6 рет айтты-ау),
Сұлу қыздар бар... (сан есім болғандықтан, дұрысы – «қыз»).
Млн., млн., млн., млн. қыздар,
Бірі - шекер, бірі - бал...
Сұлуын сен таңдап ал... 
Қысқасы, бұл –­­ менің кешкісін №16 автобустың ішінде естігенім. Сандырақтаған қандай ақын екенін, оған қандай есуас ән жазғанын, оны орындаған неғылған әншісымақ екенін, осындай әнсымақты жазған неғылған студия екенін, таспаны шығарған қандай топас екенін ұқпадым. Оны тыңдап отырған анау шопырдың талғамын айт... 
Неғылған млн. қыз? Қыз-қырқынның бәрін бір аралға жинап апарып, өмірі қыз көрмеген байқұсты солардың арасына жалғыз тастап кеткендей бір... Сұлулыққа сұқтанып, бақыттан басы айналғаннан гөрі қайда қашарын білмей, есі ауып далақтап жүрген есалаң біреу елестейді екен көзіңе...

Ұят-аааааай! Сөздің қадірін білетін, әннің естісін тыңдайтын             
қазақ осындай халге жеттік пе? Есер ән мен ессіз әншіге төрден орын сайлағанымыз қай сасқанымыз? Радиодан берілетін әндер де тек осындай, ел аман, жұрт тынышта жүрегіне оқ тиіп, қансыраған біреулердің ыңырсып салған әндері... Телеарна – анау, үш жолдан тұратын сөзді жүз қайталап «шырқаған» қарадомалақ балақанды соқталдай қыздың санына телмірткен... Кім кінәлі? «Балам тек танымал болса болды» деп түсінетін шолақ ойлы ата-ана ма, музыкалық редакторлардың талғамсыздығы ма, дүбәра басшы ма, не болса соны, амал жоқ, «тыңдай» салатын һәм өз теле-радиосынан сүйікті әншісінің әндерінің не себепті берілмейтінін біле алмай отырған бейшара тыңдаушы ма?

Халықтың жүрегінен әлдеқашан орын алған ғұмырлы һәм дәстүрлі әндерді «оны пәлен шығарған», «сөзі былай болса керек», «қызға арналған», «келіншекке арналыпты» деп түкке тұрмайтын бағдарлама өткізгенше (республикалық басылымнан жападай бет арнағанша) ОСЫНДАЙЛАРҒА НЕГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙМАСҚА?!

 

(«Кеш еместен» («Астана» арнасы) соң кешігіп жеткен ой ғой)...

5
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 12 қараша 2013, 02:21
Тегтер: ессіз әнші, есер ән

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.